598-бап. Шет мемлекеттерден қылмыстық іс жүргізуді қабылдау тәртібі мен шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесінің шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасында жүрген адамға қатысты қылмыстық қудалауды жалғастыру туралы сұрау салуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкілетті прокурор қарайды.
2. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесінен қылмыстық іс жүргізуді қабылдау мынадай:
1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған және оның аумағында болған;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам шетел азаматтарына азаматтығы жоқ адам болып табылған және Қазақстан Республикасының аумағында болған, ал оны ұстап беру (экстрадициялау) осы Кодекске немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес мүмкін болмаған немесе ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартылған;
3) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам Қазақстан Республикасында үкім шығарылған жағдайда, сұрау салушы тарапта нақ сол қылмыс үшін қудалануға жатпайтынына сұрау салушы тарап кепілдік берген;
4) сұрау салуда көрсетілген іс-әрекет Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша қылмыс болып табылған жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Кодексте көзделген тәртіппен тиісті құзыретті органға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді тапсырады, бұл туралы сұрау салушы тарапқа хабарлайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау