60-бап. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
1. Құрылыс объектілерін, оның ішінде автомобиль жолдарын салу кезінде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылады.
2. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды тапсырыс беруші жауапкершіліктің барлық деңгейіндегі ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғаларды және ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған маман сертификаты бар жеке тұлғаларды тарта отырып, шарт негізінде жүзеге асырады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырыс берушілер) мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейлеріндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін аккредиттелген заңды тұлғаларды тартуға құқылы.
4. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын зерттеп-қарау кезінде техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұсынымдарды көрсете отырып, ғимараттар мен құрылысжайлардың жай-күйі туралы қорытынды береді.
5. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға аккредиттелген және құрамында жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар кемінде үш маман, сондай-ақ жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде қызметін жүзеге асыратын, "конструкциялық бөлік" мамандануы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы жөніндегі сертификаты бар бір маман (сарапшы), инженер-геодезист бар заңды тұлғалар жүргізуге тиіс.
Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған маман сертификаты бар жеке тұлғалар жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде техникалық зерттеп-қарауды жеке жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың меншік немесе жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасы, салыстырып тексеру есеп-қисаптарын орындау үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған компьютерлері, өлшеу және бақылау құралдары, нормативтік құжаттамасы және аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) (тартылған) болуы міндетті.
6. Жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
7. Жауапкершіліктің барлық деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау:
1) жауапты (тіреу) элементтері мен қосылуларда бұзылу қаупін тудыратын ақаулар мен бүлінулер, қолданылған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының сапалық көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі анықталған;
2) өрт және төтенше жағдайлар салдары;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою туралы актілер берілген;
4) ғимараттар мен құрылысжайлардың конструктивтік схемасын, өндіріс технологиясын өзгертуге байланысты құрылыс жобасы түзетілген;
5) ғимаратты немесе құрылысжайды пайдаланудың нормативтік мерзімдері өтіп кеткен;
6) күрделі жөндеудің немесе реконструкциялаудың экономикалық тұрғыдан орындылығы айқындалған;
7) нормаланатын табиғи-климаттық әсер ету (қардың, желдің әсері) ұлғайған;
8) құрылыс объектілерін техникалық пайдалану кезінде (тұрақты) техникалық байқаудың белгіленген мерзімдері басталған;
9) құрылысы аяқталмаған объектілер алты айдан астам мерзімге консервацияланған не тоқтатыла тұрған;
10) құрылыс объектісі кеңейтілген, жаңғыртылған, реконструкцияланған, техникалық қайта жарақтандырылған, реставрацияланған, күрделі жөнделген және оның нысаналы мақсаты өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
8. Осы баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру кезінде:
1) техникалық зерттеп-қарау жөніндегі тиісті жұмыстарды орындау үшін салынып жатқан немесе салынған құрылыс объектісіне еркін кіруге;
2) тапсырыс берушіден техникалық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті барлық құжаттаманы алуға;
3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу үшін қажетті барлық жұмыстарды орындауға құқығы бар.
9. Осы баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдар ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру кезінде:
1) мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыруға;
2) орындалатын зерттеп-қарау түрлерінің нормативтік талаптарына сәйкес техникалық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде аккредиттелген сынақ зертханасын (орталығын) тартуға (меншікті аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) болмаған жағдайда);
4) өлшеу құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес салыстырып тексерілген сынау, өлшеу және бақылау құралдарын қолдануға;
5) ғимараттар мен құрылысжайлардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі негізінде салыстырып тексеру есеп-қисаптарын орындауға міндетті.
10. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар мамандарға осы құрылыс объектісінде қолданылатын қауіпсіздік техникасының арнаулы қағидалары туралы нұсқау берілуге тиіс.
11. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар маман жүргізілетін зерттеп-қараулардың сапасы, шығарылатын шешімдердің дұрыстығы және әзірленген ұсынымдардың толықтығы үшін жауапты болады. Осы баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдар берген ұсынымдар техникалық зерттеп-қарау жүргізу қорытындылары бойынша ғимараттар мен құрылысжайлардың және олардың элементтерінің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз етуге тиіс.
12. Ғимараттар мен құрылысжайлардың жай-күйі туралы қорытындыда санамаланған барлық тұжырымдар тапсырыс берушінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
13. Тапсырыс беруші бастапқы материалдардың, техникалық зерттеп-қарауды жүргізу үшін осы баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде аталған тұлғаларға ұсынылған архивтік материалдардың анықтығына жауапты болады.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы