Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 61-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

61-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

61-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің қызметін ақпараттық сүйемелдеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы процестерді цифрландырудың, сондай-ақ ақпаратты қалыптастыру мен алмасудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін құрылады. 

      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері осы Кодекстің 114-бабына сәйкес мемлекеттік сараптама ұйымының порталы алаңында "бір терезе" қағидаты бойынша интеграциялануға және жұмыс істеуге тиіс. 

      3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелерін "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізу тәртібін, оның ішінде оларды қолданудың міндеттілігін, олардың негізгі функцияларын және олардың арасында деректер алмасуды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       3-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Кодекстің 148-бабының 1-тармағымен.  

      Бұл ретте уәкілетті орган цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелерінің функционалына мүдделі тұлғалардың өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. 

      4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері өзге де мемлекеттік цифрлық жүйелермен, "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерімен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік функцияларды іске асыруы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруы үшін олардың цифрлық жүйелерімен интеграциялау шеңберінде деректер алмасуды қамтамасыз етеді. 

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелермен интеграциялануға (қажет болған кезде) тиіс. 

      5. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін цифрлық объектілермен интеграциялау және олардың арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында пайдаланылатын деректерді берудің стандартты хаттамалары негізінде жүзеге асырылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы