65-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін есепке алу және жаңартып отыру Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
1. Мыналар мемлекеттік қала құрылысы кадастрын есепке алу, тіркеу және жаңартып отыру үшін бастапқы ақпарат (мәліметтер) көзі болып табылады:
1) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар;
2) мемлекеттік сараптама ұйымы және сараптама ұйымдары;
3) жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсететін табиғи монополия, квазимемлекеттік сектор субъектілері;
4) жобалау алдындағы құжаттама мен жобалау құжаттамасын, топографиялық және атқарушылық геодезиялық түсірілімдерді ұсынатын тапсырыс берушілер;
5) жер, су кадастрлары мен басқа да салалық кадастрлардың, тіркелімдердің және өзге де цифрлық объектілердің деректері.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер беру қағидаларына сәйкес айқындалады.
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне ақпарат және (немесе) мәліметтер беру деректерінің форматы мен құрылымы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі нормативтік құжатта белгіленеді.
3. Жобалау алдындағы құжаттаманы және жобалау құжаттамасын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде есепке алуды және тіркеуді, оның ішінде инженерлік-геодезиялық ізденістер материалдарын (жобалау құжаттамасының топографиялық түсірілімдерін және құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу сатысындағы атқарушылық геодезиялық түсірілімдерді) қала құрылысы қызметінің цифрлық негізін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан қарауды және тіркеуді жеке және заңды тұлғалар ақылы негізде жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген материалдарды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеуге арналған шығындар мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметтерді көрсететін ұйымдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсететін ұйымдардың мемлекеттік қала құрылысы кадастрына мәліметтер енгізуі осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсететін табиғи монополиялар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер беру қағидаларына сәйкес өз балансындағы инженерлік желілердің бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілеттерінің резерві, бар-жоғы туралы мәліметтерді мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне орналастырады және жаңартып отырады.
5. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары мен табиғи монополиялар субъектілері табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттармен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруге өтінішті қабылдауды, сондай-ақ оны қарау нәтижелерін "цифрлық үкімет" веб-порталының немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінің көмегімен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы беруді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы