65-бап. Республика Президентi сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы
1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды.
2. Республика Президентi болып:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде, басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған.
3) алып тасталды - ҚР 2004.04.14 № 545 Конституциялық заңымен.
3. Республика Президентi сайлауының қорытындысын анықтау мен жариялауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы