Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 71-бап. Қосу әдісі (5-әдіс) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

71-бап. Қосу әдісі (5-әдіс) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

71-бап. Қосу әдісі (5-әдіс) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы бапқа сәйкес:

      1) материалдарды дайындауға немесе сатып алуға арналған шығыстарды және бағаланатын тауарларды өндіруге арналған, сондай-ақ өндіруге байланысты өзге де операцияларға арналған шығыстарды;

      2) әдетте тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылған елде бағаланатын тауарлар секілді сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде ескерілетін шамаға баламалы болатын пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомаларын;

      3) осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды қосу жолымен айқындалатын тауарлардың есеп айырысу құны негіз ретінде қабылданады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар бағаланатын тауарлардың өндірушісі ұсынған немесе оның атынан ұсынылған және өндірушінің коммерциялық құжаттары тауарлар өндірілген елде қолданылатын, жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есепке алу қағидаттарына сәйкес жасалған жағдайда, осындай құжаттармен расталған бағаланатын тауарлар өндірісі туралы мәліметтер негізінде айқындалады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген шығыстарды және әкелінетін тауарларды өндіруге байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған, осы Кодекстің 67-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің осы Кодекстің 67-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бөлінген құнын қамтуға тиіс. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндірілген (көрсетілген), осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны өндіруші төлеген осы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ақысы дәрежесінде ғана енгізіледі. Бұл ретте шығыстар есеп айырысу құнын айқындау кезінде қайтадан есепке алынбайды.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілмеген, әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін өндіруге және сатуға арналған тікелей және жанама шығыстар жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) ретінде есепке алынады.

      4. Пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы тұтастай ескеріледі және өндіруші ұсынған немесе оның атынан ұсынылған мәліметтер негізінде айқындалады. Егер бұл мәліметтер мемлекеттік кірістер органының қолында бар, дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сату кезіндегі пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) әдеттегі мөлшері туралы мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, кеден органы пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасын өзінде бар мәліметтер негізінде айқындай алады.

      5. Осы баптың мақсаттары үшін бағаланатын тауарлар өндірілген мемлекетте өндірілген, дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың сатылымдары туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын тауарлар мен олар салыстырылатын тауарлардың дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлар болып табылу-табылмау мәселесі әрбір нақты жағдайда, тиісті мән-жайлар ескеріле отырып жеке шешіледі. Бұл ретте өздеріне қатысты ақпарат ұсынылуы мүмкін дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың анағұрлым шағын тобының немесе қатарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылымдары қарастырылады.

      6. Кеден органдары, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, шетелдік тұлғадан тауарлардың есеп айырысу құнын айқындау үшін құжаттар мен мәліметтер ұсынуын талап етуге құқылы емес.

      Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары тауарлардың есеп айырысу құнын айқындау үшін шетелдік тауар өндіруші ұсынған немесе оның атынан ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді шетелдік тауар өндірушінің келісуімен, сондай-ақ тауарларды өндіруші елінің уәкілетті органы алдын ала хабардар етілген жағдайда және оның мұндай тексеру жүргізуге қарсылығы болмаған кезде тауарларды өндірушінің елінде тексеруі мүмкін. Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары шетелдік тауар өндіруші ұсынған немесе оның атынан ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексеруді Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүргізеді.

      7. Егер кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес, өзінде бар мәліметтер негізінде айқындаған жағдайда, ол декларантқа осындай мәліметтердің көздері туралы, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есеп-қисаптар туралы электрондық немесе жазбаша нысанда хабарлайды.

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

61-бап. Жаза мерзiмдерiн қосу кезiнде мерзімдерді айқындау тәртiбi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

61-бап. Жаза мерзiмдерiн қосу кезiнде мерзімдерді айқындау тәртiбi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы және үкiмдердiң ж...

Толық оқу »

Қасақана заңсыз кісі өлтіру мақсатында қасақана кісі өлтіргені үшін қылмыстар жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыруға түпкілікті өтеуге сотталды

Қасақана заңсыз кісі өлтіру мақсатында қасақана кісі өлтіргені үшін қылмыстар жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыруға түпкілікті ө...

Толық оқу »

61-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі ҚР ҚК оларды қосу кезінде жаза мерзімдерін айқындау тәртібі

61-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі ҚР ҚК оларды қосу кезінде жаза мерзімдерін айқындау тәртібі 1. Қылмыстардың жиынтығы мен үкімдердің жиынтығы...

Толық оқу »