727-бап. Банк заемы шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Банк заемы шарты бойынша заем берушi заемшыға төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен қарызға ақша беруге мiндеттенедi.
1-1. Ислам банкі заем беруші болып табылатын банк заемы шарты бойынша ақша заемы мерзімділік және қайтарымдылық талаптары бойынша және ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы алынбай жүзеге асырылады.
2. Банк заемы шартына осы Кодекстiң 728-бабында көзделген ерекшелiктерiмен қоса заем шартына қатысты ережелер қолданылады.
Ескерту. 727-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12. № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы