Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 73-бап. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

73-бап. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

73-бап. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Облыстың немесе ауданның аумағын ұйымдастыру (игеру, жайластыру, құрылыс салу) аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасы негізінде жүзеге асырылады. 

      Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары бас схемаға және аумақты дамытудың тиісті өңіраралық схемасына сәйкес әзірленеді. 

      2. Аумақты қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары осы өңір аумағындағы әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-шаруашылық және табиғи-климаттық жағдайларды, оны аймақтарға бөлуді ескере отырып, мемлекеттік қала құрылысы саясатының мақсаттарын айқындайды, сондай-ақ мынадай негізгі бағыттарды белгілейді: 

      1) жайғастыру жүйесін жетілдіру; 

      2) елді мекендерді, өндірістік, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту; 

      3) қауіпті (зиянды) табиғи және антропогендік, техногендік құбылыстар мен процестердің әсерінен аумақтарды қорғау;  

      4) экологиялық жағдайды жақсарту; 

      5) тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектілерді сақтау; 

      6) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау. 

      Аумақтарды пайдаланудың артықшылықтары, тыйымдары, шектеулері және өзге де режимдері ескеріле отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу және оларды пайдалану қарқындылығы айқындалады. 

      3. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларында әкімшілік-аумақтық бірліктердің, қала маңындағы аймақтардың, резервтегі аумақтардың шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс. 

      4. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларын әзірлеу және келісу қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органның тапсырысы бойынша әзірленеді. 

      5. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларын бекіту осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы