Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 76-бап. Елді мекендердің бас жоспарлары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

76-бап. Елді мекендердің бас жоспарлары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

76-бап. Елді мекендердің бас жоспарлары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту мен оларда құрылыс салу белгiленген тәртiппен бекiтiлген елдi мекендердiң бас жоспарлары немесе елдi мекендердi дамыту мен оларда құрылыс салу схемалары (оңайлатылған бас жоспар) негiзiнде жүзеге асырылады. 

      2. Елді мекендердің бас жоспарлары елді мекенді дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын және бекітілген бас схемаға, аумақты дамытудың тиісті өңіраралық схемасына және облыстар, аудандар аумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасына сәйкес әзірленетін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады. 

      Тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын елді мекендер белгіленген тәртіппен бекітілген елді мекеннің қолданыстағы бас жоспарларымен қамтамасыз етілуге тиіс. 

      Тұрғындарының  саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерде негізгі қала құрылысы құжаты ретінде белгіленген тәртіппен бекітілген елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемасы (оңайлатылған бас жоспар) болуы мүмкін. Елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемаларының (оңайлатылған бас жоспардың) құрамын, мазмұнын, оларды әзірлеу және келісу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

      3. Елді мекеннің бас жоспарында: 

      1) аумақты кешенді бағалауды, табиғи-климаттық, экологиялық, қалыптасқан әрі болжанатын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарды қоса алғанда, елді мекен аумағын дамытудың негізгі бағыттары; 

      2) аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу және олардың пайдаланылуын шектеу; 

      3) елді мекеннің құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы; 

      4) жер учаскелерін артықшылықпен иеліктен шығару және сатып алу аймақтары, резервтегі аумақтар; 

      5) аумақты қауіпті (зиянды) табиғи, техногендік және антропогендік құбылыстар мен процестердің әсерінен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар; 

      6) аумақтық-көліктік жоспарлау мен жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттардың бөлімдерін (бөліктерін) қамтитын, бас жоспардың көліктік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар; 

      7) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының негізгі бағыттары; 

      8) елді мекенді дамытудың техникалық-экономикалық көрсеткіштері; 

      9) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау жөніндегі шаралар; 

      10) елді мекенді орнықты дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шаралар айқындалады. 

      4. Елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу және бекіту кезінде сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталары ескеріледі. 

      5. Тарихи қала құрылысы құндылығы бар елді мекеннің бас жоспары тарихи-сәулет тірек жоспары ескеріле отырып әзірленуге және оған тарихи құрылыс аймақтары мен ескерткіштерді қорғау жобалары қоса берілуге тиіс. 

      6. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыс орталықтары үшін елді мекендердің бас жоспары құрамында дамыту тұжырымдамасы (мастер-жоспары) әзірленеді. 

      Елді мекенді дамыту тұжырымдамасы (мастер-жоспары) қоғамдық талқылауға және тиісті мәслихатпен келісуге жатады. 

      Елді мекенді дамыту тұжырымдамасын (мастер-жоспарын) қалыптастыру отыз жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады. 

      7. Елді мекеннің бас жоспары немесе елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемасы (оңайлатылған бас жоспар) елді мекеннің жаңа бас жоспары немесе елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемасы (оңайлатылған бас жоспар) бекітілгенге не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде елді мекеннің қолданыстағы бас жоспарына немесе елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарға) өзгерістер бекітілгенге дейін қолданылады.  

      8. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, елді мекеннің бас жоспарын түзету жүзеге асырылады. 

      9. Елді мекеннің бас жоспарының іске асырылуын мониторингтеуді жергілікті атқарушы орган бес жылда бір рет жүзеге асырады. 

      Мониторинг нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есеп қалыптастырылады, ол жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсына орналастырылады және сәулет-қала құрылысы кеңесі мен тиісті мәслихаттың қарауына жіберіледі. 

      10. Елді мекендердің бас жоспарлары жиырма жылға дейінгі мерзімге әзірленеді. 

      11. Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу үшін қажетті бастапқы материалдардың құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді. 

      Елді мекендердің бас жоспарларының бастапқы материалдары қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуге тиіс.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы