Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау нәтижелерi тиiсiнше облыстық, қалалық сайлау комиссиясының (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) дауыс беру пунктiнде өткiзiлетiн мәжiлiсiнде анықталады.

      2. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс санаудың хаттамасын жасайды, оған:

      1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды;

      2) таңдаушылардың бiрлескен мәжiлiсiнде жария етiледi;

      3) сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.

      3. Дауыс санау нәтижесiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы