Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 796-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттету және масаң күйiн куәландыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

796-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттету және масаң күйiн куәландыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

796-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттету және масаң күйiн куәландыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі  

      1. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын жүргiзушi, кеме жүргiзушi масаң күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, олар көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттетiлуге және масаң күйiн куәландыруға жатады. 

      2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетудi, масаң күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi: Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және көлiктік бақылау органдарының көлiк құралын басқаратын адам құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда – тиiсiнше ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері жүргiзедi. 

      3. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, олар медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi. 

      4. Алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетiлген күн, уақыт, орын, негiздер көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады. 

      6. Масаң күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса беріледi. 

      Ескерту. 796-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

358-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру немесе осындай адамның басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

358-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе...

Толық оқу »

582-бапқа түсініктеме. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін басқару құқығы жоқ адамды басқару

582-бапқа түсініктеме. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені, Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiпайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiпайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы Әкімш...

Толық оқу »

796-бапқа түсініктеме. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттету және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің мас күйіне куәландыру

796-бапқа түсініктеме. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттету және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ма...

Толық оқу »