Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса немесе ол жарамсыз деп танылған болса, не екі кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.

      2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзіледi. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мен тiркеу, қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген басқа да шаралар осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

      3. Қайта сайлау туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      4. Алып тасталды - ҚР 2004.04.14 № 545 Конституциялық заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы