Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 800-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

800-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

800-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 

      1. Заңды тұлғаға тиесiлi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша, iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салу туралы хабарлана отырып, көрсетілген тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесiн білдіреді және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмайтын және (немесе) олардың сақталуын алып қоюсыз қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа тұлғаларға жауапкершiлiкпен сақтауға берiлуi мүмкiн. 

      2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салуды тауар, көлiк құралы және өзге де мүлiк иесi мен екi куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 787-бабында, 804-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған, осыған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады. 

      Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн. 

      3. Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсiрілім, бейнежазба қолданылады. 

      4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар тұлға туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және сәйкестендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фото- және кинотүсiрілімдері, бейнежазбалар қолдану туралы жазба жасалады. Фото- және кинотүсiрілімдер, бейнежазбалар қолданылып, тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса беріледi. 

      5. Қажет болған жағдайларда тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк оралады және (немесе) оларға мөр басылады. 

      6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады. 

      7. Заңды тұлғаға тиесiлi, тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын тұлғаның иелiктен шығаруы немесе жасыруы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

65-бап. Бағалы қағаздарға тыйым салу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

65-бап. Бағалы қағаздарға тыйым салуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Құжаттық бағалы қағаздарға тыйым салу олардың тұрған орны бо...

Толық оқу »

Талап қоюды қамтамасыз етуді жою | Азаматтық іс бойынша тыйым салу / жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу

Талап қоюды қамтамасыз етуді жою | Азаматтық іс бойынша тыйым салу / жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу 2014 жылғы 04 тамызда Шымкент қаласы Абай аудандық сотын...

Толық оқу »

161-бап. Мүлiкке тыйым салу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

161-бап. Мүлiкке тыйым салу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үкiмнің азаматтық талап қою, бас...

Толық оқу »

Жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу | талап қоюды қамтамасыз ету / шоттан және мүліктен тыйым салуды алып тастау жөніндегі шаралардың күшін жою

Жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу | талап қоюды қамтамасыз ету / шоттан және мүліктен тыйым салуды алып тастау жөніндегі шаралардың күшін жоюШымкент қаласының Абай...

Толық оқу »

Сот тәртібімен берешек сомасын өндіріп алу | сотқа қатысқаны үшін өкілдік шығыстарды қайтару | талап қоюды қамтамасыз ету бойынша тыйым салу

Сот тәртібімен берешек сомасын өндіріп алу | сотқа қатысқаны үшін өкілдік шығыстарды қайтару | талап қоюды қамтамасыз ету бойынша тыйым салуАрасында Қ.Ә.З. және сіз, Р. М., ор...

Толық оқу »

800-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің заңды тұлғасына тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу

800-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің заңды тұлғасына тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым с...

Толық оқу »

70-бап. Банктегі ақша мен мүлікке тыйым салу және олардан өндіріп алу Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы

70-бап. Банктегі ақша мен мүлікке тыйым салу және олардан өндіріп алу Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1.Жеке немесе...

Толық оқу »