Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 81-бап. Тұрғын аймақ Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

81-бап. Тұрғын аймақ Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

81-бап. Тұрғын аймақ Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Елді мекеннің тұрғын аймағы тұрғын ғимараттардың, оның ішінде жеке тұрғын үйлердің құрылысын салуға арналады. 

      2. Тұрғын аймақ жеке тұрған және (немесе) тұрғын ғимараттарға жапсарластыра салынған (оларға жанастыра салынған) әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілерімен қамтамасыз етілуге тиіс. 

      3. Тұрғын аймақ көлік құралдарына арналған тұрақтармен және орынтұрақтармен, пәтерлердің санына сәйкес қажетті орынтұрақ алаңымен, балалар және спорт алаңдарымен, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі ескеріле отырып қамтамасыз етілуге тиіс. 

      4. Тұрғын аймақта қонақүйлерді, жерүсті және жерасты гараждарын (паркингтерді), жеңіл автомобильдерді уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды, электрмен зарядтау станцияларын, сондай-ақ орналасуы мен қызметі санитариялық-қорғаныш аймақтарын орнатуды талап ететіндей қоршаған ортаға әсер етпейтін өндірістік объектілерді орналастыруға жол беріледі. 

      5. Жекелеген жағдайларда тұрғын аймақтарға елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде орналасқан бағбандық шаруашылық пен саяжай серіктестіктерінің аумақтары да жатқызылуы мүмкін.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы