83-бап. Мемлекеттің мүліктік құқықтарының тоқтатылу негіздерінің тізбесі Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) мүліктік құқықтарының тоқтатылу негіздері:
1) мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) мүлікті жекешелендіру немесе өзге де иеліктен шығару;
2) мемлекеттік заңды тұлғалардың өздері өндірген тауарларды немесе негізгі құралдарға жатпайтын және жекешелендіру объектісі болып табылмайтын өзге де мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға иеліктен шығарып беруі;
3) жер учаскелерін жеке меншікке беру;
4) республикалық немесе коммуналдық мүлікке жататын мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке беру;
5) мемлекеттік мүліктің бұзылуы немесе жойылуы;
6) мемлекеттік мүлікті өндіріп алу;
7) шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін міндеттемелері бойынша мемлекет пайдасына контрагенттің орындағанын қайтару;
8) жарамсыз деп танылған мәміле бойынша алынған мүлікті қайтару;
9) мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беруді қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды пайдалану немесе шығару;
10) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де негіздер болып табылады.
2. Осы Заңның 119-1, 119-2, 120 және 214-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару өтеулі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы