Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 84-бап. Өтпелі ережелер Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

84-бап. Өтпелі ережелер Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

84-бап. Өтпелі ережелер Құқық қорғау қызметі туралы Заңы 

   Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлерге осы арнаулы атақтарда, сыныптық шендерде еңбек сіңірген мерзімі осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес есептеледі.

      Осы Заңның 9-тарауының күші зейнетақымен қамсыздандыру, жеңілдетілген салық салу, олардың еңбекке уақытша жарамсыз кезеңіндегі ақшалай үлес төлеу, тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет ақыларын ақшалай өтемақы төлеу бөлігінде кеден органдары қызметкерлеріне қолданылмайды, ал прокуратура органдарының қызметкерлеріне 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.

      Осы Заңның күші, осы Заңның 3, 4, 5, 9, 45-1-баптарын, 60-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 7) және 8) тармақшаларын, 61-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5,) 6) және 8) тармақшаларын, 69-бабының 3) және 3-1) тармақшаларын, 72-бабының 5-тармағын, 75-бабын, 80-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасын, 83-бабын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне және оның қызметкерлеріне қолданылады.

      Осы Заңның 59-бабының, 60-бабы 1-тармағы 1), 5) және 6) тармақшаларының, 1-1, 1-2 және 2-тармақтарының, 61-бабының 1-тармағы 2), 2-1) және 7) тармақшаларының, 2-тармағының және 62-бабының күші Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлік қызметінің қызметкерлеріне олардың мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыру жөніндегі қызметтік міндеттерін орындауына байланысты қолданылады.

      Құқық қорғау қызметіне кірген кезде қатардағы, кіші және орта басшы құрамның лауазымдарына конкурстық негізде орналасу 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.

      Осы Заңның 41-бабының 5-тармағы ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.

      2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен шығарылған прокуратура органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген жыл сайынғы арттырулар ескеріле отырып, қызметтен шығарылған күнге белгіленеді, төлем еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап жүзеге асырылады.

      Ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының 2003 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңде қызметтен шыққан, жұмыстан шығарылған күні жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, соның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және құқық қорғау органдарында қызметте болудың шекті жасына жету бойынша не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан шығарылған қатардағы және кiшi басшы құрамдардағы қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері қызметтен шығарылған күнге белгіленеді және төлем Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттырулар ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады.

      Осы Заңның 66-бабы 9-тармағының күші қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерлердің 2022 жылғы 1 қаңтарда жесір әйелдері (тұл ерлері) мен балалары болып табылған адамдарға да қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы