Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 85-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін жоспарлау, құру және дамыту Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

85-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін жоспарлау, құру және дамыту Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

85-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін жоспарлау, құру және дамыту Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Жоспарлау – цифрлық объектінің қолданыста болу циклінің бастапқы кезеңі, ол оны құру қажеттігін негіздеу, цифрлық объектіні іске асырудың мақсаттарын, талаптарын, ресурстары мен шарттарын айқындау бойынша жұмыстар жиынтығын қамтиды.  

      "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін жоспарлау ағымдағы процестерді талдаудан, нормативтік құқықтық актілердің цифрлық сараптамасынан, жаңа процестерді жобалаудан тұратын процестердің реинжинирингін қамтиды және уәкілетті орган бекітетін цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

      2. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін жоспарлау, құру және дамыту кезінде әзірленген нормативтік-техникалық құжаттамаға, сондай-ақ "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына уәкілетті органның және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қорытындысын алу қажет.  

      3. Цифрлық объектілерді құру және дамыту Қазақстан Республикасының цифрлық және бюджет заңнамасына сәйкес нормативтік-техникалық құжаттамаға (мемлекеттік инвестициялық жоба, техникалық тапсырма, бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардың өзіндік ерекшелігі, мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасының құжаттамасы) сәйкес жүзеге асырылады. 

      4. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін дамыту оны өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады. 

      5. Осы бап Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық объектілеріне қолданылмайды.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы