Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 85-бап. Өтпелі ережелер Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

85-бап. Өтпелі ережелер Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

85-бап. Өтпелі ережелер Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы 

      1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қызметкермен жасасқан әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттар олар жасаған мерзім ішінде қолданылады.

      2. Алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. 2011 жылғы 30 қарашаға дейін "подполковник" әскери атағы берілген қызметкерлерге аталған әскери немесе арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі бес жыл болып белгіленеді.

      4. Осы Заңның қабылдануына байланысты әскери қызметтен арнаулы мемлекеттік органдарға ауыстырылған және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен әскери қызметте тұрудың шекті жасы өзгертілген қызметкерлер мынадай шекті жастарға жеткенде қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы:

      1) подполковникке дейін қоса алғанда – қырық бес жас;

      2) полковниктерге – елу үш жас;

      3) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген полковниктерге – елу жас;

      4) генерал-майорларға және генерал-лейтенанттарға – елу сегіз жас;

      5) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген генерал-майорларға және генерал-лейтенанттарға – елу бес жас;

      6) генерал-полковниктерге – алпыс жас.

      4-1. "Аға прапорщик", "прапорщик", "старшина", "үшінші сыныпты сержант", "екінші сыныпты сержант", "бірінші сыныпты сержант", "штаб-сержант" не "шебер-сержант" әскери атақтары берілген қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті осы Заңда сержанттар құрамы үшін көзделген тәртіппен және шарттармен өткереді. Бұл ретте олардың арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте болуының шекті жасы, қоса алғанда қырық жеті жасқа дейінгі жасты құрайды.

      4-2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін подполковник арнаулы атағы берілген қызметкерлер шекті жасқа – қырық жеті жасқа толғанда қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы.

      5. Қызметкерлер (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында әскери қызметшілер үшін көзделген тәртіппен 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

      6. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қызметтік тұрғын жаймен не қызметтік тұрғын жайға теңестірілген тұрғын жаймен қамтамасыз етілген қызметкерлер осы тұрғын үйде тұру құқығын, сондай-ақ оны "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңында әскери қызметшілер үшін көзделген жекешелендіру құқығын сақтайды.

      7. Осы Заңның 77-бабы 12-тармағының, 78-бабы 11-тармағының күші қаза тапқан (қайтыс болған) курсанттардың, тыңдаушылар мен қызметкерлердің 2022 жылғы 1 қаңтарда жесір әйелдері (тұл ерлері) мен балалары болып табылған адамдарға да қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы