Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 85-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

85-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

85-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 

 1. Қамаққа алуға сотталғандар арнаулы қабылдау орындарындағы камераларда ұсталады.

      Ерлер мен әйелдер, сондай-ақ бұрын мекемелерде жазасын өтеген және сотталғандығы бар адамдар бөлек ұсталады.

      Әртүрлі инфекциялық аурулармен ауыратын сотталғандар бөлек және дені сау сотталғандардан жеке ұсталады.

      Соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сотталған бұрынғы қызметкерлері, сотталған сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар басқа сотталғандардан оқшауланып ұсталады.

      Сотталған адамды денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарына емдеуге жатқызуға жіберген жағдайда, оны күзетуді қамтамасыз ету үшін айдауыл қойылады.

      2. Қамаққа алуға сотталғандар тамақпен бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етіледі.

      Әскери қызметшілер гауптвахтада ұсталған кезеңде тамақпен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару қызметі, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы уәкілетті органдар белгілейтін нормалар бойынша қамтамасыз етіледі.

      3. Сотталған офицерлер, сержанттық, старшиналық және қатардағы құрамдардың әскери қызметшiлерi қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу уақытында бөлек және өзге негiздер бойынша гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшiлерден жеке ұсталады.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы