Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 851-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот қаулыларын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

851-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот қаулыларын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

851-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот қаулыларын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер: 

      1) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса; 

      2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса; 

      3) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарға алып келуі мүмкін болса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін. 

       2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылықты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасымен де, осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхатымен де енгізуге құқылы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы