Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 87-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

87-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

87-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру уәкілетті орган мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қатысуымен тәжірибелік пайдалану оң аяқталған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

      2. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезінде: 

      1) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды сақтау; 

      2) цифрлық ресурстар істен шыққан немесе бүлінген жағдайда оларды сақтау, қорғау, қалпына келтіру; 

      3) цифрлық ресурстарды резервтік көшіру және олардың уақтылы жаңартылып отыруын бақылау; 

      4) мемлекеттік органның цифрлық жүйесіне жолданымдар туралы мәліметтерді автоматтандырылған есепке алу, сақтау және мерзімдік архивтеу; 

      5) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін сүйемелдеу; 

      6) "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымын техникалық қолдау; 

      7) жүйелік-техникалық қызмет көрсету; 

      8) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (алып тастау); 

      9) өнім берушінің кепілдік мерзімі кезеңінде анықталған қателер мен кемшіліктерді жоюды қамтитын "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісіне кепілдендірілген қызмет көрсетуі. Кепілдендірілген қызмет көрсету "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімде қамтамасыз етіледі.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы