Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 879-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық иммунитеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

879-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық иммунитеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

879-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық иммунитеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 

      1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жайлар, дипломатиялық персонал мүшелерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлiк және жүрiп-тұру құралдары қол сұғылмайтын болып табылады. Осы үй-жайларға кiру, оларды қарап-тексеру, сондай-ақ жүрiп-тұру құралдарын тексерiп қарау дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның келiсуiмен ғана жүргiзілуі мүмкін. 

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген иммунитет өзара түсіністік негізінде, егер осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, дипломатиялық өкiлдiктің қызмет көрсетушi персоналының қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұрып жатқан отбасы мүшелерi орналасқан тұрғын үй-жайларына қолданылады. 

      3. Консулдық орналасқан үй-жай және консулдық басшысының резиденциясы өзара келісім негiзде қолсұғылмаушылықты пайдаланады. Осы үй-жайларға кiру, оларды қарап-тексеру тиiстi шет мемлекеттің консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгi басшысының өтiнуi бойынша немесе келiсуiмен ғана орын алуы мүмкiн. 

      4. Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдықтардың мұрағаттары, ресми хат жазысуы және басқа да құжаттары қол сұғылмайтын болып табылады. Оларды дипломатиялық өкiлдiк, консулдық басшысының келiсуiнсiз қарап-тексеруге және алып қоюға болмайды. Дипломатиялық пошта ашылмауға және кiдiртiлмеуге тиiс. 

      5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетілген үй-жайларға кiруге, оларға қарап-тексеру жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды қарап-тексеруге және алуға дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық басшысының келiсiмiн прокурор Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сұратады. 

      6. Үй-жайларға кiруге, оларға қарап-тексеру жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды қарап-тексеруге және алуға дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық басшысының өтінуін немесе келiсiмiн алған жағдайда, олар прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi. 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

555-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

555-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстiң553-бабыбiрiншi бөлiгiнiң 1), 3) – 6) тармақтары...

Толық оқу »

878-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

878-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Осы Кодекстің 876-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 3) –...

Толық оқу »

879-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің үй-жайлары мен құжаттарының дипломатиялық иммунитеті

879-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің үй-жайлары мен құжаттарының дипломатиялық иммунитеті 1. Дипломатиялық өкілдік ба...

Толық оқу »

556-бап. Үй-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитетi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

556-бап. Үй-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитетi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясына, ди...

Толық оқу »