Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 88-бап. Арнаулы мақсаттағы аймақтар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

88-бап. Арнаулы мақсаттағы аймақтар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

88-бап. Арнаулы мақсаттағы аймақтар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Елдi мекеннiң шекаралары (шектерi) шегiне зираттар, крематорийлер, мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар), тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары, қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындар, тазарту құрылысжайлары, арнаулы нормативтер мен қағидаларды белгілемей пайдалану мүмкін болмайтын өзге де объектілер үшiн бөлiнетiн арнаулы мақсаттағы аймақтарды орналастыруға жол берiледi. 

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектiлердi қонысқа ыңғайлы аумақ пен рекреациялық аумақтан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардан, елдi мекеннiң инфрақұрылымы объектiлерiнен бөлiп тұратын санитариялық-қорғаныш аймақтарын орнату қажеттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi. 

      3. Арнаулы мақсаттағы аймақты күтіп-ұстау жөнiндегi мiндеттер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, кәсiпорынның меншiк иесiне (жер пайдаланушыға) және олар заңды түрде пайдалануында болатын өзге де тұлғаларға жүктеледi.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы