Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 9-1-бап. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде көміртегі бірліктерін құқықтық иелену ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Орман кодексі

9-1-бап. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде көміртегі бірліктерін құқықтық иелену ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Орман кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-1-бап. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде көміртегі бірліктерін құқықтық иелену ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Орман кодексі 

      1. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асырудан алынған көміртегі бірліктері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктерді беру қағидаларына немесе Париж келісімінің 6-бабының нарықтық тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес жобаны қаржыландырған жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі болады.

1-1. Париж келісімінің нарықтық тетігі арқылы мемлекеттік орман қоры аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген парниктік газдарды сіңірудің жалпы көлемінің бір бөлігі климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстан Республикасының ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін орындау мақсаттары үшін есепке жатқызылады.

      2. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру кезінде мемлекеттік орман қорының жер учаскелерінде отырғызылған орман екпелері мемлекеттің меншігінде болады.

      3. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру мерзімін уәкілетті орган айқындайды.

      4. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру мерзімі өткеннен кейін көміртегі бірліктеріне меншік құқығы мемлекетке өтеді.

      5. Мемлекеттік орман қоры аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі  

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы