90-бап. Сотталғандарды жазасын өтеу үшін жiберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi заңды күшіне енген үкімді орындау туралы сот өкімін алған күннен бастап он күннен кешіктірілмей жазасын өтеуге жіберіледі, бұған мыналар:
1) үкім заңды күшіне енген кезде зертханалық тұрғыда расталған бактерия бөлінуі анықталған, ол тоқтағанға дейін, туберкулезбен ауыратын;
2) одан әрі стационарлық емдеу қажет болмаған кезде, адам сауыққанға дейін, басқа да қауіпті инфекциялық аурулары бар;
3) оларға қатысты жеке басын куәландыратын құжат ресімделіп жатқан;
4) жазасын өтеу мерзімінің соңына дейін бір айдан аспайтын уақыт қалған сотталғандар кірмейді.
Осы мерзiм iшiнде сотталған адамның:
1) адвокатпен саны, ұзақтығы шектеусіз және құпиялылығы қамтамасыз етілген жағдайларда кездесуге;
2) жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен немесе өзге де адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуге;
3) өзінің жеке қаражатынан не өзге адамдардың қаражатынан ақысы төленетін, ұзақтығы он бес минут телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар.
2. Қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi сотталған адамның таңдауы бойынша жұбайына (зайыбына) не туыстарының бiрiне, не өзге де адамға оның жазасын өтеу үшiн қайда жiберілетіндігі туралы жазбаша хабарламаны екі жұмыс күні ішінде жіберуге мiндеттi.
3. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығы туындаған жағдайда, қауіпсіздігі аралас мекеменің әкімшілігі осы Кодекстің 162-бабының бірінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген іс-шараларды орындауға міндетті.
Бұл ретте сотталғандар сот шешімін күткен кезеңде оларға сот тағайындаған сол мекеме түрі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайлар қолданылады.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы