Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 91-бап. Санитариялық-қорғаныш аймағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

91-бап. Санитариялық-қорғаныш аймағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

91-бап. Санитариялық-қорғаныш аймағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Халыққа қатер төндіруі және (немесе) қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы объектілерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі жағдайларында тиісті санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс. Санитариялық-қорғаныш аймағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. 

      2. Санитариялық-қорғаныш аймағында ауыл шаруашылығын жүргізуді, бағбандық шаруашылықты, бақша өсіруді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді қоса алғанда, тұрғын ғимараттарды, білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерін, спорт-сауықтыру құрылысжайларын орналастыруға (салуға) тыйым салынады. 

      3. Санитариялық-қорғаныш аймағын күтіп-ұстау жөніндегі міндеттер аймақ арналған объектілердің меншік иелеріне жүктеледі. 

      4. Құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама шеңберінде құрылыс жобасын жобалау кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағы белгіленеді. 

      5. Пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің санитариялық-қорғаныш аймағын өзгертуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. 

      6. Елді мекендердің аумағын аймақтарға бөлу шеңберінде функционалдық аймақтарды айқындау кезінде елді мекендердің бас жоспарларында, сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын талаптар ескеріледі. 

      7. Белгіленген және өзгертілген санитариялық-қорғаныш аймақтары туралы деректерді жергілікті атқарушы органға: 

      1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайда, бекітілген жобалау-сметалық құжаттама мен санитариялық-қорғаныш аймағына қатысты құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы негізінде – тапсырыс беруші; 

      2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайда, санитариялық-қорғаныш аймағын өзгерту жөніндегі құрылыс жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде санитариялық-қорғаныш аймағы жобасын әзірлеуші ұсынады. 

      Жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының жария кадастрлық картасында кейіннен жариялау және мемлекеттік жер кадастрына енгізу үшін Қазақстан Республикасының геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнамасына сәйкес Кеңістіктік деректер ұлттық инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталында орнатылған және өзгертілген санитариялық-қорғаныш аймақтары туралы кеңістіктік деректерді қалыптастыруды, жинауды, сақтауды және жаңартып отыруды қамтамасыз етеді. 

      8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген ақпаратты беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы