Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 93-бап. Цифрлық трансформациялау Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

93-бап. Цифрлық трансформациялау Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

93-бап. Цифрлық трансформациялау Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Цифрлық трансформация – басқару мен қызметтер көрсетудің тиімділігін, ашықтығын, проактивтілігін арттыру мақсатында цифрлық технологияларды, архитектуралық және платформалық шешімдерді, деректерді талдауды және жасанды интеллектіні ендіруге негізделген жүйелі өзгерістер процесі. 

      2. Цифрлық трансформациялау мыналарға бағытталған: 

      1) процестер санын азайту есебінен цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау арналарын жетілдіру; 

      2) деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау; 

      3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсетілетін қызметтерге барынша ауыстыру; 

      4) цифрлық ортадағы құқықтар мен дербес деректерді қорғауды сақтай отырып, цифрлық объектілердің қолжетімділігін, ақаулыққа төзімділігін және инклюзивтілігін қамтамасыз ету. 

      3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері ішкі процестерді қоса алғанда, өз қызметін цифрлық трансформациялау бағдарламаларын міндетті түрде әзірлейді, бекітеді және іске асырады. 

      4. Мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялау цифрлық инфрақұрылым объектілерін жаңғыртуды және "цифрлық үкімет" архитектурасы негізіндегі платформалық шешімдерге ауысуды қамтиды және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 

      5. Мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы