Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен,  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан,  Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру  инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік  қордан қайтару не оларды берешекті өтеу есебіне есепке  жатқызу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен,  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан,  Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру  инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік  қордан қайтару не оларды берешекті өтеу есебіне есепке  жатқызу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен,  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан,  Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру  инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік  қордан қайтару не оларды берешекті өтеу есебіне есепке  жатқызу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды мемлекеттік кіріс органдарының төлем тапсырмалары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. 

      Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған төлем тапсырмасы оларды алуға жауапты уәкілетті органдардың қорытындысы негізінде жасалады. 

      Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнауды мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған қорытындыны жасайды және мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады. 

      Осы қорытындылардың анықтығын және олардың ұсынылу негізділігін уәкілетті органдардың басшылары қамтамасыз етеді. 

      2. Бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік ететін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомаларының қайтарылуына немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу есебінен есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырады. 

      3. Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

      Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді алуға, артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың тізбесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органы айқындайды. 

      4. Төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады. 

      Қорытындылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады. 

      5. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару және (немесе) есепке жатқызу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 94-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

Срок погашения судимости исчисляется, исходя из фактически отбытого срока наказания, с момента освобождения от отбывания основного и дополнительного видов наказания.

Срок погашения судимости исчисляется, исходя из фактически отбытого срока наказания, с момента освобождения от отбывания основного и дополнительного видов наказания. Согласно...

Толық оқу »

Срок погашения судимости исчисляется исходя из фактически отбытого срока наказания, с момента его освобождения

Срок погашения судимости исчисляется исходя из фактически отбытого срока наказания, с момента его освобождения Приговором специализированного межрайонного суда по уголовным д...

Толық оқу »

89-бап. Сотталғандықты жою мерзiмдерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

89-бап. Сотталғандықты жою мерзiмдерi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар үшiн осы Кодекстің79-бабындакөзде...

Толық оқу »

Заявление в банк о включении заёмщика в льготный график погашения по минимальной сумме

Заявление в банк о включении заёмщика в льготный график погашения по минимальной сумме Внимание! Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный...

Толық оқу »

32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабардар ету Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабардар етуБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      Орталық депозитарий эмитенттің мемлекеттік емес облигация...

Толық оқу »

12-2-бап. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығару ерекшеліктері Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

12-2-бап. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығару ерекшеліктеріБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шыға...

Толық оқу »

186-бап. Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

186-бап. Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі       1. Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі б...

Толық оқу »

18-1-бап. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуiнiң ерекшелiктерi  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

18-1-бап. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуiнiң ерекшелiктерiБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымын мемл...

Толық оқу »

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификац...

Толық оқу »

120-бап. Кедендік төлемдер, салықтар арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу тәртібі  Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

120-бап. Кедендік төлемдер, салықтар арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу...

Толық оқу »

Комментарий к статье 195. Злостное уклонение от погашения кредиторской задолженности УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 195. Злостное уклонение от погашения кредиторской задолженности УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан Злостное уклонение руководителя организаци...

Толық оқу »

39-бап. Салықтық берешекті өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

39-бап. Салықтық берешекті өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі       Салықтық береше...

Толық оқу »

222-бап. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу талаптарын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

222-бап. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу талаптарын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі       1. Эмитенттің өзіне қабылдаға...

Толық оқу »

Комментарий к статье 222. Нарушение требований выпуска, использования и погашения электронных денег Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 222. Нарушение требований выпуска, использования и погашения электронных денег Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях  1. Выпус...

Толық оқу »

Соттылықты жою мерзімдері

Соттылықты жою мерзімдері📘 ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСоттылық – бұл үкімнің құқықтық салдары, ол адамның құқықтарын шектеуі мүмкін (мысалы, жұмысқа орналасу, білім алу, шетелге шығу кез...

Толық оқу »