89-бап. Сотталғандықты жою мерзiмдерi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
Он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар үшiн осы Кодекстің 79-бабында көзделген сотталғандықты жою мерзiмдерi қысқартылады және олар тиiсiнше:
1) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiн іс жүзінде өтеуге;
2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн - бiр жылға;
3) ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн - екі жылға;
4) аса ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн үш жылға тең болады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы