Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 95-бап. Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде қайта дауыс беру Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

95-бап. Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде қайта дауыс беру Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

95-бап. Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде қайта дауыс беру Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде осы Конституциялық заңды азаматтардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін бұзушылық орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиісті аумақтық немесе округтік сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі немесе сайлау округіндегі Мәжіліс депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте немесе сайлау округінде қайта дауыс беруді тағайындайды.

      2. Қайта дауыс беру Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімде, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде сол партиялық тізімдер және сол кандидаттар бойынша, сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі. Қайта дауыс беруді өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      3. Егер сайлау бюллетеніне Парламент Мәжілісінің депутаттығына екеуден көп кандидат енгізілсе және олардың бірде-біреуі сайланбаса, округтік сайлау комиссиясы ең көп бірдей дауыс санын алған кандидаттар бойынша депутатты сайлау жөнінде қайта дауыс беруді тағайындайды. Егер кандидатуралардың шығып қалуы нәтижесінде бір кандидат қалса, оның кандидатурасы бойынша қайта дауыс беру өткізілмейді және ол сайланды деп есептеледі. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы