97-1-бап. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі
1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі болып табылады.
2. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген қазақстандық тауар өндірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын және өзге де мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқылы.
4. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы