Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 97-бап. Инженерлік ізденістер Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

97-бап. Инженерлік ізденістер Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

97-бап. Инженерлік ізденістер Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Инженерлік ізденістердің нәтижелері анық болуы және құрылыс объектісінің параметрлері мен басқа да жобалау сипаттамаларының жобалық мәндерін, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жобаланатын іс-шараларды анықтау үшін қажетті көлемде орындалуға тиіс. 

      Инженерлік ізденістер нәтижелерінің құрамындағы есеп-қисап деректері негізді болуы және құрылыс объектісін салу және пайдалану процесінде олардың мәндерінің өзгеру болжамын қамтуға тиіс. 

      Сараптама ұйымдары жобалау құжаттамасын талдауды және сапасын бағалауды жүргізу кезінде инженерлік ізденістердің өзектілігін және осы нәтижелерді қалыптастырудың қолданыстағы нормаларға, оның ішінде инженерлік-геологиялық ізденістерді жүргізудің толықтығына, құрамына, көлеміне, әдістері мен технологияларына сәйкестігін тексеруге міндетті. 

      2. Инженерлік ізденістердің нәтижелерін (қала құрылысы жобаларының топографиялық түсірілімін, жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімді және құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу сатысындағы атқарушылық геодезиялық түсірілімді) тапсырыс берушілер қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеу қағидаларына сәйкес, жобаларға сараптама жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне енгізеді. 

      3. Құрылыс объектілері бойынша инженерлік ізденістерді дайындау процесін ұйымдастыру "бір терезе" қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу мен олардың сараптамасын ұйымдастыруға арналған порталда жүзеге асырылады, ол мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілері үшін міндетті болып табылады. 

      4. Тиiстi инженерлiк iзденiстердi орындамай жобалау құжаттамасын дайындауға, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн салуға, реконструкциялауға жол берiлмейдi.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы