Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 98-бап. Туберкулез профилактикасы Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

98-бап. Туберкулез профилактикасы Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

98-бап. Туберкулез профилактикасы Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі 

      1. Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:

      1) халық арасында туберкулездің таралуына эпидемиологиялық қадағалау жүргізу;

      2) Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес вакцина егуді қамтитын өзіндік ерекшелікті профилактика;

      3) туберкулезді ерте анықтау;

      4) активті туберкулезді және латентті туберкулез инфекциясын емдеу;

      5) қоршаған ауа арқылы мекендеу ортасына туберкулез қоздырғышының берілуін болғызбауға бағытталған инфекциялық бақылау шаралары кешенін қолдану;

      6) әлеуметтік профилактика: халықтың тұрғын үй-тұрмыстық өмір сүру жағдайларын және тамақтану сапасын жақсарту; психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға, темекі шегуге қарсы күрес; халыққа тұрмыста жеке гигиена дағдыларын сіңіру; дене шынықтыру мен спортты дамыту;

      7) халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы туберкулез бойынша эпидемиялық ахуал туралы және профилактика шаралары туралы ақпарат беру;

      8) халықтың әртүрлі топтары үшін туберкулездің профилактикасы жөніндегі ақпараттық материалдарды әзірлеу мен тарату, оның ішінде әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату;

      9) үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру және іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      2. Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы