99-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асырады;
1-1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың мемлекеттiк шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi;
2-1) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олар алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекітеді;
2-2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын, орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды сараптама кеңестерінің қарауын ұйымдастырады;
2-3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін кедергілерді жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргізеді;
2-4) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ішкі және сыртқы нарықтардың жай-күйі туралы экономикалық ақпарат беруді ұйымдастырады;
2-5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекітеді; - Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 17 шiлдедегi № 213-VIII ҚРЗ
2-6) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін әзірлейді және бекітеді;
2-7) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жаңарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2-8) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
3) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізеді және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсiпкерлiктi дамыту инфрақұрылымына талдау жүргiзедi;
5) осы Кодекстің мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді және бекітеді
6) республика өңiрлерiнде шағын және орта кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға ықпал етеді;
7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің инновациялық, инвестициялық және индустриялық даму саласындағы құжаттарын iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдайлар жасайды;
8) инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасайды;
9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастырады;
9-1) Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар жасайды;
11) жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
12) жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттайды;
13) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы