Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 99-бап. Құрылыс жобасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

99-бап. Құрылыс жобасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

99-бап. Құрылыс жобасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Жаңа құрылыс объектілерін, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу жобасында құрылыс объектісі орналасатын жердің қала құрылысы тұрғысынан негізділігі, құрылысты жүргізу және құрылыс объектісін пайдалануға тапсыру үшін қажетті көлемде экономикалық, сәулеттік, көлемдік-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлік, табиғат қорғау, энергия үнемдеу, энергия тиімділігі шешімдері мен өзге де шешімдер қамтылуға тиіс. 

      Жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде орындалған және мыналарға: 

      1) құрылыс объектілерін күрделі жөндеуге немесе ғимараттар мен құрылысжайларды реставрациялауға; 

      2) пайдаланылатын құрылыс объектілерін реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға немесе техникалық қайта жарақтандыруға; 

      3) авариялық құрылыс объектілерін cүруді қоспағанда, құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жаратуға; 

      4) құрылысы тоқтатыла тұрған, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялауға (консервациялаудан алуға) арналған жобалау-сметалық құжаттама да құрылыс жобаларына жатады. 

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құрылыс жобасының жобалау шешiмдері мен көрсеткiштерi оны iске асыру кезiнде мiндеттi болып табылады. 

      Құрылыс жобасының атауы құрылыс қызметінің түрін көрсетуге, құрылыс объектісінің атауын қамтуға, оны әзірлеу үшін берілген бастапқы материалдарға сәйкес келуге тиіс. 

      3. Құрылыс жобасы: 

      1) тапсырыс беруші бекiткен жобалауға арналған тапсырманың, жер учаскесiн (алаңды, трассаны) таңдау және бөліп беру (пайдалануға рұқсат беру) материалдарының, құрылыс объектiсін инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етудiң техникалық шарттарының, инженерлiк iзденістер нәтижелерінің, тапсырыс берушінің жобалау алдындағы қызметiнің нәтижелерін қоса алғанда, өзге де бастапқы материалдардың негiзiнде; 

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құрылысқа салынатын инвестициялардың негiздемелерiне (техникалық-экономикалық негіздемелерге), ал қажет болған жағдайларда, мердiгермен келiсiлген, құрылыс жобасында қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының, инженерлiк жабдықтар мен құрылғылардың тiзбесiне сәйкес; 

      3) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес әзірленеді. 

      4. Осы Заңның 100-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда, эскиз (эскиздік жоба) құрылыс жобасы болып табылады. 

      5. Құрылыс жобасын бекіту, сондай-ақ бекітілген құрылыс жобасына өзгерістер енгізу тәртібі осы Кодекс пен мемлекеттік нормативтік құжаттарда айқындалады. 

      6. Жобалауға арналған тапсырмада құрылыстың нормативтік ұзақтығы қысқартылған жағдайда, құрылыс жобасын әзірлеу қосымша ресурстар ескеріле отырып жүзеге асырылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы