Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар және оларды өтеу
Жеке сот орындаушысы өз қызметін дербес қаржыландырады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 3-бабының 7) тармақшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізу атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату жөніндегі шығыстарды борышкердің есебінен өтеу қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 114-бабына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар борышкерден осы шығындарды шеккен адамдардың немесе ұйымдардың пайдасына өндіріп алынады.
Борышкер атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарды өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысына дау келтіру туралы арызбен, оны өндіріп алудың мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, оның көлемін азайту немесе өндіріп алудан босату туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы. (Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 114-бабының 5-тармағы).
Орындаудың осы сатысы бойынша талап қоюдың ең көп тараған негіздері:
қызметке ақы төлеу сомасын дұрыс есептемеу;
іс жүзінде жұмсалған шығыстарды дұрыс есептемеу;
атқарушылық іс жүргізу шеңберінен тыс қызметке ақы төлеу сомасын бекіту болып табылады.
Қаулының күшін жоюға мұндай қызығушылық атқарушылық құжаттарға, сонымен қатар мыналар:
- орындаушылық санкцияны өндіріп алу туралы қаулы;
- сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезінде шеккен шығыстарды өтеу туралы қаулысы;
- жеке сот орындаушысының оның қызметіне ақы төлеу сомасын бекіту туралы қаулысы жататындығымен байланысты.
Төлем болмаған жағдайда мәжбүрлеп орындау шараларын қолдана отырып, атқарушылық іс жүргізуді қозғауға әкеп соғады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 118-бабына сәйкес жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің қаражаты есебінен жүргізіледі және он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шекті мөлшерін белгілей отырып, істердің санаты мен өндіріп алу сомасына қарай үштен жиырма бес пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді.
Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін уәкілетті орган бекітеді.
Іс жүзінде төлем сот орындаушысын айналып өткен, бірақ қозғалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жүргізілген жағдайлар кездеседі.
Атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудың еріктілігі туралы дау туындаған кезде мынадай:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы борышкерге тиісінше хабарлау;
сот орындаушысы қабылдаған мәжбүрлеп орындау шаралары (ақшалай қаражатқа, мүлікке және т. б. тыйым салу);
атқарушылық құжаттың мәжбүрлеп орындауда болу кезеңі туралы мән-жайларды тексеру қажет.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның нормаларын сөзбе-сөз түсіндіруге байланысты орындауға ұсыну ерікті түрде орындауға ниеттің жоқтығын білдіреді.
Сот орындаушысының қызметіне және атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға ақы төлеу борышкердің адал еместігінің салдары болып табылады.
Атқарушылық іс жүргізу кезеңінде атқарушылық құжат талаптарын орындау борышкердің сот орындаушысының қызметтерін және атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарды төлеу міндетіне әкеп соғады.
Борышкердің жеке сот орындаушысын айналып өтіп, атқарушылық құжатты орындауы оны жеке сот орындаушысының іс жүзінде шеккен атқару шығыстарын төлеуден және қызметіне ақы төлеуден босатпайды.
Мысалы, мүліктік емес сипаттағы талаптардың ерікті түрде орындалғанын растау үшін (әлеуметтік желіден борышкердің жеке деректерін жою туралы) борышкер бейнежазбаларды ұсынды. Алайда атқарушылық іс қозғалғанға дейін мұндай дәлелдемелер ұсынылмады. Атқарушылық іс жүргізу жіберілген атқарушылық парақ негізінде қозғалды. Іс жүзінде орындалғандығын қозғалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ЖСО тіркеді (6001-22-00-6ап/612).
Атқарушылық іс қозғалғанға дейін сот актісінің ерікті орындалуы жол берілетін және шынайы дәлелдемелермен расталуға тиіс.
Сондай-ақ даулар сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу бойынша келтірілген шығыстарды өтеу тәртібі бөлігінде, тиісті органның шешімі жойылған жағдайда туындайды, оның негізінде атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін атқарушылық құжат берілген.
Даулардың осы санатын қарау кезінде мынадай:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы борышкерді тиісінше хабардар ету және оны атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныстыру;
атқарушылық іс жүргізу қозғалған күн, оның тоқтатылған күні және оның негізінде атқарушылық құжат берілген тиісті органның шешімі жойылған күн;
сот орындаушысына шешімнің күшін жою не борышкердің тиісті қарсылық бергені туралы тиісті хабарлама жөніндегі мән-жайлар тексерілуге жатады.
Тиісті шешім нақты орындалғаннан және атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін күшін жойған жағдайда борышкер сот шешімінің орындалуын бұру туралы өтінішпен (егер атқару парағы сот актісінің негізінде жазып берілсе) не келтірілген залалды өндіріп алу туралы азаматтық тәртіппен талап қоюмен жүгінуге құқылы. Бұл ретте, атқарушылық іс жүргізу бойынша өндіріп алушы жауапкер ретінде әрекет етеді.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 48-бабының 6-тармағына сәйкес, мәжбүрлеп орындату шараларының, егер өндіріп алушы орындау бойынша іс жүзінде келтірілген шығыстарды өтесе және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілсе күші жойылуға жатады.
Сондай-ақ даулар аталған шығыстарды өндіріп алу тәртібі бойынша туындайды. Көбіне өндіріп алушылар құжаттық растаудың жоқтығын көрсете отырып, іс жүзінде жұмсалған шығыстардың келтірілген есебімен келіспейді.
Мысалы, өндіріп алушы толық орындалғанға дейін атқарушылық құжатты кері қайтарып алды, атқарушылық іс жүргізу аяқталды. Алайда ЖСО өндіріп алудың толық сомасы есебінен оның қызметіне ақы төлеу сомасын бекітті. Бұл қаулыны соттар заңсыз деп танып, күшін жойды (6001-22-00-6aп/219).
Осыған ұқсас жағдайға ЖСО бірнеше атқарушылық іс жүргізу бойынша жол берген. Мәселен, ЖСО-ның іс жүргізуінде банктің пайдасына сомаларды өндіріп алу туралы 32 атқарушылық құжат болды. Барлық атқарушылық құжаттарды өндіріп алушы кері қайтарып алды. ЖСО атқару парақтарын қайтарудан оның қызметіне ақы төлеу қажеттігі туралы сілтемемен бас тартты. Бұл ретте, атқарушылық құжаттар бойынша берешек сомасының 10%, 15%, 20% мөлшерінде өз қызметіне ақы төлеу сомасын бекітті. Барлық қаулылар заңсыз деп танылды (6001-22-00-6ап/371).
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 119-бабына сәйкес Атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін өндіріп алушы жеке сот орындаушысының нұсқауы бойынша өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы енгізуге міндетті. Атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезде жеке сот орындаушысы өндіріп алушы үшін осы соманы енгізудің кешірек мерзімін тағайындай алады. Егер атқарушылық іс жүргізу барысында өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа енгізілген қаражат атқарушылық әрекеттерді одан әрі жүргізу үшін жеткіліксіз болып шықса, онда өндіріп алушы жеке сот орындаушысының нұсқауы бойынша көрсетілген ағымдағы шотқа қосымша соманы енгізуге міндетті.
РП ЖСО-на аталған контекстінде ЖСО-ның қызметіне ең төменгі төлем мөлшерін енгізуді көздеу ұсынылады.
Сот практикасын талдау сот орындаушыларының 2021 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты әкімшілік істерді қарау нәтижелері
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
^J()~1
21 рет жүктеп алынды