410-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі тараптарының бастамасы бойынша дәлелдемелерді ұсыну және жинау
Жәбірленуші, жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы шағым берген өзге де адам шағымда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары мен айыпталушының кінәсін сотта қандай дәлелдемелермен растауға болатынын көрсетуге тиіс.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер жеке өзі немесе өкіл арқылы судьяға іс қаралғанға дейін қандай адамдардың куәлік айғақтарымен (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері), құжаттармен, өзге де дәлелдемелермен олардың мүдделерін қорғау үшін маңызы бар мән-жайлар белгіленуі мүмкін екенін хабарлайды.
Жеке айыптаушы, оның өкілі, сотталушы, оның қорғаушысы және өкілдері істі қарау басталғанға дейін және оны қарау барысында іс үшін маңызы бар заттарды, құжаттарды сотқа ұсынуға, сот отырысында олардан жауап алу туралы өтінішхат беруге құқылы.
Судья тараптарға олардың өтініші бойынша дәлелдемелер жинауға және олар көрсеткен куәгерлерді шақыруға жәрдемдесуге тиіс.
Жәбірленуші, өзге адам өзінің шағымында тағылған айыпты негіздеуге, айыптаудың дәлелдерін және олардың көздерін көрсетуге тиіс, өйткені қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес айыпталушының кінәсін дәлелдеу міндеті айыптаушыға жүктеледі.
Іс қаралғанға дейін азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер судьяға олардың мүдделерін сотта қорғау үшін маңызы бар деректерді хабарлайды.
Жеке айыптаушы, оның өкілі, сотталушы, оның қорғаушысы және өкілдері судьяға оларда бар және іске қатысты заттарды, құжаттарды беруге құқылы.
Судья қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен тараптардың өтінішхаты бойынша оларға дәлелдемелер жинауға жәрдем көрсетуге міндетті.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктемесі
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы