Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 5 нормативтік қаулысы.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Сот актiлерiн шығаруды регламенттейтiн Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Заңды күшiне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыру барысында соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшiн мiндеттi болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындалуға тиiс.
Бiрiншi сатыдағы сот iстi мәнi бойынша қарағанда сот актiсi АПК-нің 223-бабына сәйкес шешiм нысанында шығарылады.
Шешімнің мазмұны туралы АПК-нің 226-бабының талаптары іс жүргізудің барлық түрлері (оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу, талап қою ісін жүргізу, ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу) үшін міндетті.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.03.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.
1-1. АПК-нің 267-4-бабының бірінші бөлігіне сәйкес оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша сот кіріспе және қарар бөліктерінен тұратын шешім шығарады.
Соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін тараптың мәлімделген жазбаша өтінішхаты бойынша сот кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерінен тұратын шешімді дайындауға міндетті.
Сот осындай шешімді өз бастамасымен де дайындауға құқылы.
АПК-нің 267-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сот шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарыммен бірге, егер бұрын мұндай шешім берілмеген болса, тараптарға кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді дайындап беруге міндетті.
Уәждеу бөлігі бар шешім сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде дайындалуы тиіс.
Дәлелді себептермен шешімнің уәждеу бөлігін дайындау мүмкін болмаған жағдайда, судья қол қойған кіріспе және қарар бөліктерінен тұратын шешімге АПК-де белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
1-2. АПК-нің 27-1 және 28-1-баптарында облыстық және оған теңестірілген соттың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төменгі тұрған соттардың іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін (талап қоюдың нысанасы мен негіздері бойынша, субъектілік құрамы бойынша ұқсас) талап ету, өзінің іс жүргізуіне қабылдау, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарау және шешу құқығы бекітілген.
Жоғары тұрған соттың істі талап етіп, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарауы үшін іс жүргізуінде іс жатқан сот тараптардың жазбаша келісімін алуға міндетті.
Егер тараптардың бірінің келісімі болмаса, сот істі талап ете алмайды, өйткені Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды.
Бір текті істердің бірін талап ету және оны қарау туралы мәселеге жоғары сатыда тұрған сот, іс жүргізуінде іс жатқан сот, сонымен қатар тараптар не тараптардың бірі бастамашылық етуі мүмкін.
Бір текті істердің бірі бойынша шығарылған шешімді соттар АПК-нің 226-бабы 5-1-бөлігіне сәйкес пайдалануы мүмкін.
Ескерту. 1-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
Тараптардың, талап қоюшының не жауапкердiң жағынан қатысатын үшiншi тұлғалардың не іске қатысатын басқа адамдардың түсiнiктерi, куәлардың, сарапшының айғақтары, маманның түсіндірмелері шешiмде үшiншi жақтан келтiрiлiп, қысқаша, даудың мәні бойынша жазылады.
Көлемі ауқымды түсініктер, айғақтар мен түсіндірмелер болған кезде уақыт кезеңін нақты көрсете отырып, дыбыс-, бейнежазбасына сілтеме жасауға жол беріледі.
Шешімнің мәтінінде: оқиғалар мен мән-жайлардың жете жазылуына; дауға қатысы жоқ құқық нормаларының келтірілуіне; ресми құжаттарда қолдануға болмайтын қабылданбаған қысқартулар мен сөздерді пайдалануға; сотта айтылмаған түзетулерді енгізуге жол берілмейді.
Шешім бөгде адамдардың қатысуын және кеңес құпиясын жария етуді болдырмайтын жағдайларда шығарылады. Шешім жазбаша нысанда жазылады және қолмен жазу, машинкада жазу немесе компьютерлік тәсілмен бір данада жасалуы мүмкін.
Шешім қолмен немесе машинкада жазу тәсілімен дайындалған жағдайда, оның көшірмесі сот жүйесінің заң техникасы мәселелерін және сот актілерін жасау өлшемшарттарын регламенттейтін ішкі құжаттарға сәйкес компьютерлік тәсілмен орындалуы тиіс.
Соттың шешімі қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейін судья шешімді толық не оның қарар бөлігін жария етеді. Шешімнің жарияланған қарар бөлігіне судья қол қоюы және ол іске қоса тіркелуі тиіс.
АПК-нің 223-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес жария етілген шешімді түпкілікті нысанда дәлелді себептермен дайындау мүмкін болмаған кезде судья қол қойған шешімнің қарар бөлігіне АПК-де белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдері келмеген жағдайда шешім сот отырысында жария етілмейді, бұл туралы сот отырысының хаттамасында белгі қойылады.
Сот шешімді жария етуді АПК-нің 183-бабының екінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдыруға құқылы. Мұндай жағдайда түпкілікті нысандағы шешім ол жарияланғанға дейін дайындалуы тиіс.
Iс бойынша шешiм жарияланған күн шешiмнiң шығару күнi болып табылады.
Шешімнiң шығарылу орны сол шешiм шығарылған қаланың немесе өзге де елдi мекеннiң атауына байланысты болады.
Заңмен белгiленген жазбаша нысанда дайындалмаған және судья қол қоймаған ауызша қорытындылардың жария етілуі сот шешiмi болып табылмайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 16.03.2018 № 3 нормативтік қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 10.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен. 4. Алып тасталды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Шешiм iс жүргiзу құқығының нормалары сақтала отырып және осы құқықтық қатынасқа қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестiкте шығарылғанда немесе ұқсас қатынасты реттейтiн заңның қажеттi негiздерiн қолданғанда не азаматтық заңнаманың жалпы бастауларынан және мәнiнен, адалдық, парасаттылық пен әдiлдiк (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 5-бабы және АПК-нің 6-бабы ) талаптарынан туындағанда, заңды болып табылады.
Iс үшiн маңызы бар фактiлер, заң талаптарына сай сот отырысында өндiрiлген осы фактiге қатысты жол берiлген және шынайы дұрыс дәлелдермен құпталса немесе дәлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға мәлiм мән-жайларға сәйкес келсе немесе iс бойынша жинақталған дәлелдемелер дауды шешу үшiн жеткiлiктi болса, ондай шешiм негiздi болып саналады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Шешімнің дәлелдеу бөлігінде дәлелдемелер олардың толық мазмұны ашылмай-ақ баяндалуы мүмкін.
АПК-нің 222-бабының екінші бөлігіне сәйкес төрағалық етуші сот шешімі жария етілгеннен кейін оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларын ауызша түсіндіреді. Осы түсіндірме түсініксіз болған жағдайда тараптарға нақтылаушы сұрақтар қою мүмкіндігі беріледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында тиісті белгі қойылады.
Іске қатысатын адамдар келмеген жағдайда, шешімді түсіндіру жүргізілмейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.03.2018 № 3 нормативтік қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
Азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) туралы жеке деректерді оның жеке басын куәландыратын ресми құжаттағы жазбаға сәйкес көрсету қажет.
Іс бойынша іс жүргізу орыс тілінде жүзеге асырылса, ал адамның тегі, аты, әкесінің аты жеке басын куәландыратын құжаттарда мемлекеттік тілде көрсетілсе, шешімде адамның жеке деректері септік жалғауларынсыз, жеке басын куәландыратын ресми құжаттағы жазбаға дәл сәйкестікте көрсетілуі тиіс.
Сот шешіміндегі шетелдік адамның тегі, аты және әкесінің аты іс жүргізу тілінде де, жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген транскрипцияда да жазылады.
Тізбесі "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңының 6-бабының 1-тармағында көзделген құжаттардың негізінде азаматтың жеке басы куәландырылады.
Егер тарап заңды тұлға болып табылса, онда оның атауын мемлекеттік тіркеу туралы құжаттарға сәйкес көрсеткен жөн.
Талап қоюшы, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлға немесе қарсы талап арыз бойынша жауапкер бірнеше талапты мәлімдеген кезде олардың әрқайсысы нөмірленуі тиіс.
Кейін шешімде, қарар бөлігін қоспағанда, мәлімделген талаптардың толық мәтінін келтірмеуге, талаптың нөмірін - № 1 талап, № 2 талап деп және т.б. көрсетуге жол беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 16.03.2018 № 3 нормативтік қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 10.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Мәлімделген талаптардың мазмұны, оның ішінде, егер талап қоюшы қойған талабының негіздері мен нысанасын өзгертіп, оның мөлшерін азайтса, шешімнің сипаттау бөлігінде көрсетілуі тиіс.
Егер сот АПК-нің 154-бабында көзделген негіздер бойынша қарсы қойылған талапты қарауға қабылдаса, онда шешімнің сипаттау бөлігінде қарсы талаптардың да мазмұны көрсетіледі.
Бұдан басқа, шешімнің сипаттау бөлігінде жауапкердің қарсылықтары және іске қатысқан басқа адамдардың түсініктері келтірілуі тиіс.
Шешімнің сипаттау бөлігінде шешім шығару кезінде сот шешуге тиіс мәлімделген өтінішхаттар да (талап қоюдың ескеру мерзімін қолдану, тұрақсыздық айыбын азайту, шешімді дереу орындауға жіберу туралы және басқалар) жазылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 16.03.2018 № 3 (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
АПК-нің 225-бабына сәйкес ұсынылған дәлелдемелердің бағалануы сотқа iс үшiн маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғаны және қандай мән-жайлардың анықталмағаны жөнінде түйіндеуге мүмкіндік береді.
Сот шешімі пайдасына шыққан тараптың дәлелдері мен дәлелдемелерінің шешімде біржақты жазылуына жол берілмейді. Сот қандай негіздермен екінші тараптың дәлелдерін қабылдамағанын және осы тарап сілтеме жасаған материалдық құқықтың нормаларын қолданбағанын көрсетуге міндетті.
Жоғары тұрған сатыдағы сот - сот актісінің (сот актілерінің) күшін жойған және істі жаңадан қарауға жіберген жағдайда, сот апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы соттың қаулысында жазылған ережелерді орындау мүмкін еместігіне уәждер келтіруге міндетті.
Шешiм iстiң мән-жайлары туралы болжамдарға негiзделуі мүмкін емес. Сот шешімде сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы емес. Сот шешімді әрбір тараптың тең негіздерде дәлелдемелерді зерттеуге қатысуы қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.
Егер дәлелдемелердi жинау соттың тапсырмасын орындау тәртiбiмен жүргiзiлсе, онда сот осы дәлелдемелер сот отырысында жария етiліп және зерттелген жағдайда, оларды шешiмнің негiзіне алуға құқылы. Егер iске қатысатын адамдар немесе АПК-нің 74-бабының тәртiбiмен тапсырманы орындаған сотқа түсiнiктер немесе айғақтар берген куәлар iстi қарайтын сотқа келсе, олар түсiнiктерi мен айғақтарын жалпы тәртiппен бередi.
АПК-нің 69, 70, 71-баптарында көзделген тәртiппен дәлелдемелердi қамтамасыз ету бойынша процестік әрекеттер жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл орайда жиналған дәлелдемелер (хаттамалар және басқа материалдар) сот отырысында зерделенген жағдайда, сот осы дәлелдемелерді шешiмнің негiзіне алуға құқылы.
АПК-нің 46-бабының бірінші бөлігіне сәйкес іске қатысатын адамдардың оның ішінде: сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; айтылған сөздердің мәтіндері мен сот шешімі редакциясын (жобасын) ұсына отырып, сот жарыссөздеріне қатысуға; бұзылған немесе дау айтылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында басқа да процестік құқықтарды пайдалануға құқығы бар.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 16.03.2018 № 3 (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
Егер сараптама жүргiзу бiрнеше сарапшыларға тапсырылса, олардың әрбiрi сараптамалық зерттеу нәтижесi бойынша жекелеген қорытындылар берген болса, онда сот әрбiр сарапшының қорытындысымен келiсетiнiн не келiспейтiнiн негiздеуге тиiс.
АПК-нің 92-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес дәлелдемелер ретiнде тек сараптама қорытындысына дейiн сарапшының сот отырысында ауызша берген түсiнiктемелерi қабылдануы мүмкiн.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Бұрын қаралған азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген сот шешiмiмен белгiленген мән-жайлар сот үшiн мiндеттi және нақ сол адамдардың қатысуымен басқа азаматтық iстердi қарау кезiнде қайтадан дәлелденбейдi.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.05.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Сот отырысында соттың сұратуы бойынша тараптың дауды дұрыс шешу үшін маңызы бap дәлелдемелерді ұстап қалу және оны ұсынбау фактісі анықталған болса, онда сот шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде дәлелдемелердiң жиынтығын негiзге алып, бұл дәлелдемелерде қамтылған мәлiметтердi АПК-нің 73-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген талаптарды ескере отырып бағалайды.
Шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде соттың осы құқықтық қатынастарға қолданған материалдық заңды және сот басшылыққа алған iс жүргiзу нормаларын көрсету қажет.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Талап-арыздың мәнi талапкердiң (арыз берушiнiң) нақты талаптарымен келiсiледi және жүгiнушiнiң құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделерi бұзылуының немесе бұзылуына қауiп төнуiнiң мәнi көрсетiле отырып, материалдық-құқықтық талап ретiнде анықталады.
Талап-арыздың негiздемесi деп мүдделi адам көрсеткен, өзiнiң талап-арызының мәнi болып табылатын материалдық-құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына әсер ететiн фактiлер түсiнiлуге тиiс.
Талап-арыздың мөлшерiн ұлғайтуды немесе азайтуды, мәселе талап-арыздың көлемiн нақтылау туралы болғандықтан, талап-арыздың мәнiн өзгерту ретiнде қарауға болмайды.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.03.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.
Шешiмдi орындау кезiнде айқынсыздықтар мен даулардың болмауы үшiн шешiмнiң қарар бөлiгiн сот анық және түсiнiктi болатындай етiп жазуға мiндеттi.
Шешiм талапкердiң мәлiмделген барлық талаптары бойынша қабылданады.
Бiр iс бойынша бiрнеше талаптар қосылған болса, немесе сот қарсы талап-арызды, не даудың мәнiне дербес талаптарын мәлiмдеген үшiншi тұлғалардың талап-арызын қарауға қабылдаған жағдайда, шешiмнiң қарар бөлiгiнде әрбiр талап бойынша кiмнiң, қандай нақты әрекеттердi және кiмнiң пайдасына, дауланған құқықтың қай тараптың пайдасына шешiлгенi соттың қаулысында нақты қорытындыланып көрсетiлуге тиiс.
Iске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен мiндеттерi туралы мәселенi шешуге соттың құқығы жоқ.
Сондай-ақ заңда көрсетiлген басқа да мәселелер, атап айтқанда: сот шығындарының өтелуi, сот шешiмiне шағымдану тәртiбi мен мерзiмi, шешiмнiң орындауға қабылдану мерзiмi және оның орындалуын қамтамасыз ету мен орындау жөнiндегi шаралар шешiлуге тиiс.
Мәлiмделген талаптардан толық немесе iшiнара бас тарту туралы шешiм шығару кезiнде ол кiмге қатысты және неден бас тартылғаны дәл көрсетiлуге тиiс.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 16.03.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
Мемлекеттiк баж сомасын анықтау кезiнде сот "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң нормаларын басшылыққа алуға тиiс (Салық кодексi).
Iс бойынша пайда болған шығындарды iстi қарау және шешу, сондай-ақ ол жөнiнде шығарылған шешiмдi орындау кезiнде мүдделi тұлғалардың нақты көтерген шығындары құрайды. Iс бойынша iс жүргiзуге байланысты шығындардың үлгi тiзбесi АПК-нің 108-бабында қамтылған.
Қай тараптың пайдасына шешiм шығарылса, сот АПК-нің 109-бабына орай екiншi жақтан, оның алғашқыда сот шығындарын өтеуден босатылғанына қарамастан, барлық шығындарды содан өндiредi.
Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде ол жұмсаған сот шығыстарын жауапкер өтемейді. Талап қоюшы жауапкерге іс жүргізуге байланысты оның жұмсаған сот шығыстарын өтейді. Егер талап қоюшы талап қойылғаннан кейiн жауапкердiң оларды ерiктi түрде қанағаттандыруы нәтижесiнде өз талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтiнiшхаты бойынша жауапкерден барлық жұмсаған сот шығыстарын өндіріп алады. Егер талап қою жауапкердің кінәлі іс-қимылынан туындамаса, онда сотта жауапкер қойылған талапты мойындаған жағдайда сот шығыстарын өтеу талап қоюшыға жүктеледі.
Талап-арыз iшiнара қанағаттандырылған кезде сот талапкер шеккен шығындарды талап-арыздың сотпен қанағаттандырған талаптарының мөлшерiне барабар, ал жауапкерге - талап-арыз талаптарының талапкерге бас тартылған бөлiгiне барабар тағайындайды.
Процеске қатысушы өкiлдердiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығындар тараптың нақты шеккен шығындары мөлшерiнде өндiрiлiп алынуы мүмкiн екенiн, бiрақ ақшалай талаптар бойынша өндiрiлетiн сома талап-арыздың қанағаттандырылатын бөлiгiнiң он процентiнен аспауға тиiс екенін соттардың ескергенi жөн (АПК-нің 113-бабы). Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстардың сомасы ақылға қонымды шекте өндіріп алынады, бірақ үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Бiрнеше жауапкерi бар iстер бойынша шешiмдер шығару кезiнде олардан сот шығындары ортақ қатынаста емес, үлестiк қатынаста өндiрiлiп алынады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
18-1. Егер іске қатысатын адамның заңда немесе шартта көзделген дауды реттеудің талап қою немесе сотқа дейінгі өзге де тәртібін бұзуы, оның ішінде талап қоюға жауап беру мерзімін бұзуы, талап қоюды жауапсыз қалдыруы салдарынан дау туындаса, сот істі қараудың нәтижелеріне қарамастан, сот шығыстарын осы тұлғаға жүктейді.
Сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дәлелдемелер сот белгілеген мерзімді және дәлелдемелерді дәлелді себептерсіз ұсынудың осы АПК-да белгіленген тәртібін бұза отырып ұсынылған жағдайда, егер бұл сот процесінің созылуына, істі қарауға және заңды әрі негізді сот актісін қабылдауға кедергі келтіруге әкеп соқса, іс бойынша барлық сот шығыстарын жүктеуге құқылы.
Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ақша сомасын шетел валютасымен өндiрiп алу кезiнде сот шетел валютасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шешiм шығаратын күнге белгiлеген бағамы бойынша теңгеге айналдыру жөнiндегi есептердi шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде келтiруге мiндеттi.
Сот "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 167-VI Заңының 6-бабында көзделген жағдайларда валюта операциясын жасау кезiнде туындаған құқықтық қатынастар бойынша ақша сомасын шетел валютасымен өндiрiп алу туралы шешiм шығаруға құқылы.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен. 21. Алып тасталды – ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ортақ меншiктегi мүлiктi пайдалану не осындай мүлiктi (жер учаскелерi, үй құрылыстары және т.б.) бөлу тәртiбiн анықтау кезiнде сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде тараптардың әрқайсысына берiлетiн мүлiк бөлiгiнiң мөлшерi мен шегiн, сонымен қатар ортақ пайдалануда қалған мүлiк бөлiгiнiң мөлшерi мен шегiн, өтетiн жерлердiң мөлшерi мен шекарасын, кiрiп-шығатын жерлердi әзiрлеу, шарбақтар орнатуды, үй-жайларды қайта жоспарлау тәртiбi мен назар аударуға лайық басқа да мән-жайларды анық әрi дәл көрсетуге тиiс.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Іс жүргізу АПК-нiң 277-бабының 5) және 6) тармақшаларының негiздерi бойынша татуласу туралы келiсiмді немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасасуға және оларды соттың бекiтуiне байланысты тоқтатылған жағдайда, ұйғарымның қарар бөлiгiнде олардың шарттары, шығыстарды және өкiлдердiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды бөлудiң тәртiбi, егер тараптар мұндай тәртiптi көздесе, көрсетiледi. Тараптар арасында сот шығындарын бөлудiң тәртiбi туралы келiсiм болмаған жағдайда, сот бұл мәселенi АПК-нің 113 және 116-баптарында көзделген тәртiппен шешуге мiндеттi.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
Сот өз қалауы бойынша іске қатысушы адамдарды шақырмай шешімдегі қате жазулар мен анық арифметикалық қателерді түзету туралы арызды қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген адамдардың келмеуі арызды қарауға кедергі болмайды.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
Егер айрықша мән-жайлардың салдарынан шешiмдi орындаудағы кiдiрiс өндiрiп алушы үшiн елеулi шығынға әкеп соғуы мүмкiн болса немесе шешiмдi орындау мүмкiн болмаса (мысалы, талапкерге берiлген мүлiктiң жойылуы) сот талапкердiң өтiнiшi бойынша шешiмдi дереу орындатуы мүмкiн. Сот шешiмiн дереу орындау туралы мәселе шешiмдi шығару кезiнде шешiлуi мүмкiн. Шешiмдi дереу орындау туралы өтiнiш шешiм шығарылғаннан кейiн де қаралуы ықтимал, мұндай жағдайда өтiнiш iске қатысушы адамдарға отырыстың өткiзiлетiн орны мен уақыты туралы хабарлана отырып, сот отырысында қаралады, алайда олардың қатыспауы осы мәселенi шешуге кедергi болмайды. Шешімді дереу орындауға жіберу туралы ұйғарым шығарылады, ол іске қоса тіркеледі.
АПК-нің 244-бабына сәйкес шығарылған сот шешiмiн дереу орындау туралы сот ұйғарымына жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі мұндай ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады. Шешiмді дереу орындауға жіберуден бас тарту туралы сот ұйғарымына сот шешiмiнен бөлек шағым (өтінішхат) берілуі (келтірілуі) мүмкін емес.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.03.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен. 29. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 12.01.2009 N 2 Нормативтік қаулысымен.
Әдетте өтiнiшке:
мәжбүрлеп орындату туралы рұқсат сұралып отырған шешiмнiң тиiсiнше куәландырылған көшiрмесi;
шешiмнiң заңды күшiне енгенi туралы ресми құжат, егер осы мән-жай шешiм мәтiнiнен байқалмайтын болса;
өзiне қарсы шешiм шығарылған тараптың iс жүргізу әрекетiне қабiлетсiздiгi жағдайында тараптың немесе оның өкiлiнiң процесс туралы тиiсiнше хабардар болғанын растайтын дәлелдемелер;
шешiмнiң iшiнара орындалғаны туралы белгiсi бар атқару құжаты, егер осындай шешiм болған жағдайда;
келiсiм-шарт бойынша соттылық туралы iстер жөнiнде тараптардың осы мәселе бойынша келiсiмiн растайтын құжат қоса тiркеледi.
Мәжбүрлеп орындатылатын шешiмдi тану және iске асыру туралы шешiмдi қарайтын сот шешiмнiң мәжбүрлеп орындатылуы мүмкiн мән-жайларды анықтаумен шектеледi.
Сот шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға рұқсат сұратылып отырған басқа тарап:
дауды құзыреттi емес соттың қарағаны;
iстiң процесс туралы хабардар етiлмеген тараптың қатысуынсыз қаралғаны;
шешiмдi мәжбүрлеп орындатуға ұсынудың үш жылдық мерзiмiнiң өткенi;
осы тараптар арасында сол мәселе және сол негiздер бойынша бұрын заңды күшiне енген шешiмнiң болуы туралы дәлелдемелердi ұсынған жағдайда, сот шешiмiн мәжбүрлеп орындатқызудан бас тартуға құқылы.
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Сот алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы арызды өз қалауы бойынша іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген адамдардың келмеуі арызды қарауға кедергі болмайды. Алып берiлетiн соманы индекстеу туралы арыз бойынша материалдар азаматтық iс материалдарына тiгiледi.
АПК-нің 239-бабының тәртiбiмен сот ұйғарымы бойынша өндiрiлген ақшалай сомалардың индекстелуiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2009.06.29 N 6; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
Егер сот шешiмiне апелляциялық шағым берiлсе немесе апелляциялық өтінішхат келтірілсе, сонымен бiрге қосымша шешiм шығару туралы мәселе қойылса, онда сот ең алдымен сот отырысында қосымша шешiм шығару туралы мәселенi шешiп, содан кейiн iстi апелляциялық сатының қарауына жiберуге мiндеттi.
Соттың қосымша шешiм шығару нысанында шешiмнiң мазмұнын өзгертуге не сот отырысында зерттелмеген жаңа мәселелердi шешуге құқығы жоқ.
Ескерту. 32-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.03.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
Сот шешiмдi түсiндiру кезiнде оның мазмұнын өзгертуге, сондай-ақ сот шешiмiнде көрсетiлмеген мәселелердi талқылауға құқығы жоқ.
Судья АПК-нің 237-бабының екінші бөлігіне сәйкес шешімді түсіндіру туралы арызды сот отырысын өткізбей шешеді. Іске қатысатын адамдар мұндай арыздың келіп түскені туралы хабардар етіледі және сотқа оған пікір жіберуге құқылы.
Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен. 34. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 09.06.2009 № 6 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 35. Алып тасталды – ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Егер сот iстi жаңадан қарау кезiнде бұзылған шешiм бойынша шешiмнiң орындалуын бұрып атқару туралы мәселенi шешпесе, онда жауапкердiң мұндай арызы iске қатысушы тұлғаларға, ал қажет болған жағдайда - бұзылған шешiмдi орындаған органға хабарлана отырып жеке сот отырысында қаралады. Сот iстi қараудың нәтижелерi бойынша ұйғарым шығарады.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Қосымша Ескерту. Қосымша алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 10.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы
Құжатты жүктеп алу
-
№ 5 ҚР ЖС НҚ Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы
654 рет жүктеп алынды