Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Ірі мөлшердегі «каннабис шайыры» есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап, тасымалдап мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтпек болған

Ірі мөлшердегі «каннабис шайыры» есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап, тасымалдап мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтпек болған

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ірі мөлшердегі «каннабис шайыры» есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап, тасымалдап мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтпек болған

 Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2019 жылғы 21 мамырдағы үкімімен: К. Өзбекстан Республикасының азаматы, бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 24-бабының үшінші бөлігімен, 286-бабының екінші бөлігінің 5) тармағымен 6 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 296-бабының үшінші бөлігімен елу айлық есептік көрсеткіш - 120 250 теңге мөлшерінде айыппұл салуға сотталған. ҚК-нің 58-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен К.-ге түпкілікті 6 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалған. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген. К.-ге жазасын өтеу мекемесінде 12 ай мерзімге наркоманиядан және алкоголизмнен еріксіз емдеу тағайындалған. К.-дан жәбірленушілерге өтемақы қорына жиырма айлық есептік көрсеткіш - 48 100 теңге мөлшерінде мәжбүрлі төлем, мемлекет пайдасына сот шығындары 45 813 теңге өндірілген. Іс бойынша айғақ заттардың тағдыры шешілген. Сот үкімімен К. 2018 жылғы 26 қазанда жалпы салмағы 2,6396 грамм ірі мөлшердегі «каннабис шайыры» есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап, тасымалдап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтпек болғанда, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмысын соңына дейін жеткізе алмай, есірткі затын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз өткізуге оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.

Ірі мөлшердегі «каннабис шайыры» есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап, тасымалдап мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтпек болған

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Сотталған К. өтінішхатында жасаған қылмысын толығымен мойындайтынын, оған шын жүректен өкінетіндігін, асырауында кәмелетке толмаған балаларының бар екенін, денсаулығы нашарлап, екі көзі «катаракт» ауруына шалдыққанын, тұрмыстық жағдайының төмен екенін, отбасын тек өзі асырап отырғанын, жасаған қылмысы үшін ешқандай зардап келмегенін, есірткіні тарату ниеті болмағанын, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы тым ауыр екенін көрсетіп, сот актілерін өзгертіп, ҚК-нің 63-бабын қолданып шартты жаза тағайындауды сұраған. Іс материалдарынан анықталғандай, сотталушы К. өзіне тағылған айыпты тергеу кезінде және сот отырысында толығымен мойындаған. Ол Ресей Федерациясынан үйіне Өзбекстан Республикасына қайтатын жолда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтіп бара жатқанда, 2018 жылы 26 қазанда Сарыағаш ауданы, Жібек-жолы ауылында орналасқан «Жібек-жолы» кеден бекетінде есірткі затын шалбарының белбауының аумағына жасырып өтіп бара жатқан кезде, жүргінші терминалының шекаралық бақылау аумағында полиция қызметкерлерімен ұсталып, өзінде есірткі заты бар екенін мойындаған. Сот сараптамасына сәйкес одан есірткі құралы салмағы 2,6396 грамм каннабис шайыры алынған. Сотталған К.-нің сот актілерінде көрсетілген жағдайда қылмыс жасағаны үшін кінәлі екендігі іс материалдарымен және жан-жақты зерттелген дәлелдемелермен толық бекітілген. Атап айтқанда, 2018 жылғы 26 қазандағы оқиға орнын қарап-тексеру жайлы хаттамасымен, яғни Сарыағаш ауданында орналасқан «Жібек жолы» кеден бекетінде К.-ны қарап-тексеріп, айғақты зат ретінде жасыл түсті зат алынғаны анықталған. 2018 жылғы 26 қазандағы Есірткі құралдарын зерттеу сотсарапшысының № 170 қорытындысына сәйкес Зерттеуге ұсынылған № 1 пакеттегі зат есірткі құралы каннабис шайыры болып табылған. Каннабис шайырының массасы 2,6396 грамм ірі мөлшерде екені көрсетілген. 2018 жылғы 26 қарашадағы сот-наркологиялық сарапшысының № 11059/1069 қорытындысында К. каннабиноид тобы (марихуана) наркоманиямен және алкоголизмнің ІІ сатысымен ауратыны, наркоманиядан және алкоголизмнен 12 (он екі) ай мерзімге еріксіз емдеуді қажет ететіні көрсетілген. 2018 жылғы 13 қарашадағы сот-психиатриялық сарапшының № 11068/2150 қорытындысына сәйкес К. созылмалы психикалық аурумен ауырмайды, ақыл-есі дұрыс, оған айып тағылған іс кезеңінде уақытша психикалық ауытқулар болмаған, ол өзінің іс-әрекеттерінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алған, психикалық жағдайына байланысты еріксіз емдеуді қажет етпейді. Бірінші және апелляциялық сот сатылары жоғарыда көрсетілген дәлелдемелер жиынтығы негізді деген дұрыс тұжырымға келген.  Сондықтан сот К.-ні ҚК-нің 24-бабының үшінші бөлігімен, 286-бабының екінші бөлігінің 5-тармағымен, 296-бабының үшінші бөлігімен кінәлі деп дұрыс тапқан. Жаза тағайындағанда К. жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның бірінші рет сотты болуын, жасаған құқық бұзушылық әрекеттерін мойындап, шын жүректен өкінгендігін, отбасы және денсаулық жағдайын, жағымды мінездемесін, ал жауаптылығын ауырлататын мән-жай іс бойынша анықталмағанын төмендегі сот сатылары ескерген. Сотталғанның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсінің дәлелденгендігі туралы сот тұжырымдары апелляциялық сатыдағы сот отырысында объективті түрде зерделеніп, тиісті баға берілген дәлелдемелерге дұрыс негізделген. Жаза жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, сотталушы К.-нің жеке басына байланысты деректер, оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар, ҚК-нің 55-бабының талаптары ескеріліп тағайындалған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Қ.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгеріссіз, сотталған К.-нің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы...

Толық оқу »

2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері...

Толық оқу »

13-бап. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

13-бап. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауды уәкілетті органдар жүзеге асырады...

Толық оқу »

14-бап. Мемлекеттік шекараны кесіп өту Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

14-бап. Мемлекеттік шекараны кесіп өтуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту:      1) құрлықта, шекаралық өзендерде,...

Толық оқу »

16-бап. Кәсіпшілік жүргізуші қазақстандық кемелердің теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

16-бап. Кәсіпшілік жүргізуші қазақстандық кемелердің теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығыҚазақстан Респу...

Толық оқу »

17-бап. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

17-бап. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту орнынан өткізу пунктте...

Толық оқу »

19-бап. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу. Өткізу пункттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

19-бап. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу. Өткізу пункттеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1....

Толық оқу »

20-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі. Оңайлатылған өткізу пункттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

20-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі. Оңайлатылған өткізу пункттеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік ш...

Толық оқу »

22-бап. Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы кемелерді өткізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

22-бап. Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы кемелерді өткізуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқы...

Толық оқу »

23-бап. Өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

23-бап. Өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылауҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қыз...

Толық оқу »

24-бап. Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

24-бап. Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асыруҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы ту...

Толық оқу »

31-бап. Өткізу пункттеріндегі режим Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

31-бап. Өткізу пункттеріндегі режимҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Өткізу пункттеріндегі режим – адамдардың, көлік құралдарының өткізу пункт...

Толық оқу »

25-бап. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

25-бап. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуҚазақстан...

Толық оқу »

34-бап. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

34-бап. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды жете т...

Толық оқу »

26-бап. Карантин белдеуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

26-бап. Карантин белдеуіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында тікелей Мемлекеттік шекара бойынд...

Толық оқу »

36-бап. Өткізу пункттерінде қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының белгіленген режимді ұстап тұру мәселелері жөніндегі міндеттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

36-бап. Өткізу пункттерінде қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының белгіленген режимді ұстап тұру мәселелері жөнін...

Толық оқу »

27-бап. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

27-бап. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешу Қазақстан Республикасының заңдарынд...

Толық оқу »

38-бап. Өткізу пункттеріндегі режимді бұзу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

38-бап. Өткізу пункттеріндегі режимді бұзуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      Осы Заңға сәйкес белгіленген өткізу пункттеріне адамдардың, көлік құр...

Толық оқу »

28-бап. Шекара өкілдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

28-бап. Шекара өкілдеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Шекара өкілдері өз қызметінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, осы За...

Толық оқу »

41-бап. Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру және жүріп-тұру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

41-бап. Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру және жүріп-тұруҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Шекаралық аймақтағы адамдар жеке басын куәландыр...

Толық оқу »

29-бап. Мемлекеттік шекара режимін бұзу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

29-бап. Мемлекеттік шекара режимін бұзуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мынадай:      1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік...

Толық оқу »

43-бап. Шекара режимін бұзу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

43-бап. Шекара режимін бұзуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      Осы Заңға сәйкес белгіленген шекаралық аймаққа кіру (өту), онда уақытша болу немесе...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 445-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету қағидаларын бұзу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 445-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету қағидаларын бұзу1. Мемлекеттік шекараны күзету наряд...

Толық оқу »