23-бап. Өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық іс-әрекеті түрлерінің бірі өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау болып табылады.
2. Адамдарға, көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау:
1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулері бар адамдарды анықтау мақсатында құжаттарды және адамдарды тексеруді, оның ішінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімі, биометриялық дербес деректерді өңдеу арқылы тексеруді, сондай-ақ адамдарға сауал жүргізуді;
1-1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулері бар адамдарды анықтау мақсатында құжаттарды және адамдарды тексеруді, оның ішінде биометриялық дербес деректерді өңдеу арқылы тексеруді, сондай-ақ адамдарға сауалнама жүргізуді;
2) көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың Мемлекеттік шекара арқылы өткізілу заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында барлық бақылаушы органдардың рұқсат беру белгілерінің болуын тексеруді;
3) Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды табу және ұстау мақсатында көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауды, қажет болған жағдайларда – арнайы (жан-жақты) тексеріп қарауды;
4) Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзу белгілері болған кезде адамдарды тексеріп қарауды;
5) Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарынан өткізу пункттеріне дейін не өткізу пункттерінен Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарына дейін көлік құралдарын алып жүруді қамтиды.
3. Осы Заңның 19-бабының 1-тармағында және 22 мен 22-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өткізу пункттерінен тыс жерде шекаралық бақылау жүргізуге жол берілмейді.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери қызметшісінің шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі мінез-құлық стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы