Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 445-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету қағидаларын бұзу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 445-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету қағидаларын бұзу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 445-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету қағидаларын бұзу

1. Мемлекеттік шекараны күзету нарядының құрамына кіретін немесе Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өзге де міндеттерді атқаратын адамның Мемлекеттік шекараны, оның ішінде өткізу пункттерінде күзету қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет мемлекеттің қауіпсіздік мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, —

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет —

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші жеңілдететін мән-жайлар болған кезде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Бұл іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі белгіленген Мемлекеттік шекараны күзету қағидаларын бұзу нәтижесінде Мемлекеттік шекараның мызғымастығына елеулі зиян келтірілуінде немесе оған қауіп төндірілуінде, демек, Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтірілуінде болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістіктегі ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуден тұрады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, шекаралық, әскери және өзге де шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырады (аталған Заңның 6-бабы).

Мемлекеттік шекараны күзету Мемлекеттік шекараны қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде Мемлекеттік шекара сызығының өзгеруіне жол бермеу, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимі мен өткізу пункттеріндегі режимнің бұзылуының алғышарттарын, белгілері мен фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі уәкілетті органдардың кешенді іс-шараларды жүргізуінен тұрады.

Мемлекеттік шекараны құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда (оның ішінде суасты ортасында) күзетуді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.

Әуе кеңістігіндегі Мемлекеттік шекараны күзетуді ҚР Қарулы Күштері жүзеге асырады.

Мемлекеттік шекараны күзету кезінде Шекара қызметі: ҚР Мемлекеттік шекара сызығын жергілікті жерде заңсыз өзгертуге жасалған кез келген әрекеттің жолын кесуге; әскер топтары мен бандалардың ҚР аумағына қарулы басып кіруіне тойтарыс беруге, ҚР Мемлекеттік шекарасындағы қарулы және өзге де арандатушылық әрекеттердің жолын кесуге, халықты, мемлекеттік және жеке меншікті аталған қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауға міндетті.

Шекара қызметін атқару жауынгерлік міндетті орындау болып табылады және жеке құрамнан ҚР Мемлекеттік шекарасын күзету туралы заңдар мен басқа да нормативтік актілердің талаптарын дәл сақтауды, жоғары қырағылықты, бастамашылдықты және табанды шешімділікті талап етеді.

Мемлекеттік шекараны күзету қағидаларын бұзу кезінде қол сұғушылық объектісі Мемлекеттік шекараның мызғымастығы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты болып табылатын осы арнайы қызметті атқарудың белгіленген тәртібі болып табылады.

Объективтік жағы Мемлекеттік шекараны күзету нарядының құрамына кіретін немесе Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өзге де міндеттерді атқаратын адамның Мемлекеттік шекараны, оның ішінде өткізу пункттерінде күзету қағидаларын бұзуымен, егер бұл іс-әрекет мемлекеттің қауіпсіздік мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, сипатталады.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті — теміржол, автомобиль вокзалының немесе станциясының, теңіз немесе өзен портының, халықаралық әуежайдың немесе аэродромның шекарасы шегіндегі аумақ (акватория), сондай-ақ Мемлекеттік шекараға тікелей жақын орналасқан, тиісті инфрақұрылымы бар және адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатын арнайы бөлінген өзге де жергілікті жер учаскесі (ҚР «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 2-бабының 14) тармақшасы).

Мемлекеттің қауіпсіздік мүдделеріне елеулі зиян келтіру деп мыналар танылады: маңызды әскери іс-шаралардың сәтсіздікке ұшырауы не әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігі деңгейінің қысқа мерзімге төмендеуі; қарулы топтардың немесе жекелеген қарулы адамдардың, құрлықтағы, әуедегі немесе теңіздегі әскери техниканың шабуылын уақтылы анықтамау немесе тойтармау, адамдар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кедергісіз заңсыз өтуіне, контрабандалық жүктердің орын ауыстыруына жол беру, шекаралық құрылыстарға, шекараны күзетудің техникалық құралдарына зиян келтіретін әрекеттерге жол беру; келтірілген зиянның елеулілігін куәландыратын өзге де салдарлар.

Мемлекеттің қауіпсіздік мүдделеріне елеулі зиян келтіру мүмкіндігін туғызу деп қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жоғарыда аталған зиянның туындауы үшін нақты жағдайлар жасауды түсіну қажет. Мысалы, бекетті тастап кету салдарынан шекара учаскесі ашық қалған, ал құқық бұзушының мемлекеттік шекараны кесіп өту әрекетінің жолын шекара маңындағы аудандардың азаматтары кескен.

Мемлекеттік шекараны күзету қағидаларын бұзу қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығымен сипатталуы мүмкін. Мысалы, шекара нарядынан өз бетінше кету кезінде қызмет орнын өз бетінше тастап кету немесе дезертирлік белгілері де болады; қаруды пайдалану немесе қолдану қағидаларын бұзу кезінде қарумен жұмыс істеу қағидаларын бұзу орын алады. Сондай-ақ шекараны заңсыз кесіп өтуге, контрабанда жасауға жәрдемдесу де жоққа шығарылмайды.

Осы қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті белгісі Мемлекеттік шекараны күзету қағидаларын бұзу мен туындаған елеулі зиянды салдарлар арасындағы себепті байланыс болып табылады.

Диспозиция бланкеттік болып табылады, сондықтан осы іс-әрекеттің белгілерін анықтау үшін ҚР «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін басқа да нормативтік актілерге сілтеме жасау қажет. Шекараны немесе ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды заңсыз атқарған.

ҚР ҚК 445-бабының 2-бөлігінде ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. ҚК-нің 3-бабының 4) тармағына сәйкес ауыр зардаптар деп мыналар танылуы мүмкін: жоғары тұрған қолбасшылық қойған міндеттердің орындалмауы; мемлекеттің қауіпсіздігіне, апатқа немесе аварияға қатер төндіру; әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігі деңгейінің ұзақ уақытқа төмендеуі; жауынгерлік тапсырманың орындалмауы; шекара заставасының жауынгерлік техникасының істен шығуы; келтірілген зиянның ауырлығын куәландыратын өзге де салдарлар.

Мемлекеттік шекараны күзету қағидаларын бұзу қылмысты бірлесіп жасау туралы алдын ала уағдаласқан адамдар қатысқан жағдайда адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған деп танылады.

Осы нормаға ескертпеге сәйкес осы баптың 1-бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші жеңілдететін мән-жайлар болған кезде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату соттың құқығы болып табылады, міндеті емес.

Бұл белгілер ҚР ҚК 444-бабының ескертпесінде көзделген белгілерге ұқсас.

ҚР ҚК 445-бабының 1-бөлігінде көзделген іс-әрекет ауырлығы онша емес қылмыстарға жатады.

ҚР ҚК 445-бабының 2-бөлігінде көзделген іс-әрекет ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері Исидор Шамилович Борчашвили.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

Ірі мөлшердегі «каннабис шайыры» есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап, тасымалдап мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтпек болған

Ірі мөлшердегі «каннабис шайыры» есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап, тасымалдап мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтпек болғанТүркістан облысы Сарыағаш аудандық сот...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы...

Толық оқу »

2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері...

Толық оқу »

13-бап. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

13-бап. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауды уәкілетті органдар жүзеге асырады...

Толық оқу »

14-бап. Мемлекеттік шекараны кесіп өту Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

14-бап. Мемлекеттік шекараны кесіп өтуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту:      1) құрлықта, шекаралық өзендерде,...

Толық оқу »

16-бап. Кәсіпшілік жүргізуші қазақстандық кемелердің теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

16-бап. Кәсіпшілік жүргізуші қазақстандық кемелердің теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығыҚазақстан Респу...

Толық оқу »

17-бап. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

17-бап. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту орнынан өткізу пунктте...

Толық оқу »

19-бап. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу. Өткізу пункттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

19-бап. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу. Өткізу пункттеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1....

Толық оқу »

20-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі. Оңайлатылған өткізу пункттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

20-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі. Оңайлатылған өткізу пункттеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік ш...

Толық оқу »

22-бап. Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы кемелерді өткізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

22-бап. Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы кемелерді өткізуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқы...

Толық оқу »

23-бап. Өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

23-бап. Өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылауҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қыз...

Толық оқу »

24-бап. Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

24-бап. Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асыруҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы ту...

Толық оқу »

31-бап. Өткізу пункттеріндегі режим Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

31-бап. Өткізу пункттеріндегі режимҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Өткізу пункттеріндегі режим – адамдардың, көлік құралдарының өткізу пункт...

Толық оқу »

25-бап. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

25-бап. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуҚазақстан...

Толық оқу »

34-бап. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

34-бап. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды жете т...

Толық оқу »

26-бап. Карантин белдеуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

26-бап. Карантин белдеуіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында тікелей Мемлекеттік шекара бойынд...

Толық оқу »

36-бап. Өткізу пункттерінде қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының белгіленген режимді ұстап тұру мәселелері жөніндегі міндеттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

36-бап. Өткізу пункттерінде қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының белгіленген режимді ұстап тұру мәселелері жөнін...

Толық оқу »

27-бап. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

27-бап. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешу Қазақстан Республикасының заңдарынд...

Толық оқу »

38-бап. Өткізу пункттеріндегі режимді бұзу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

38-бап. Өткізу пункттеріндегі режимді бұзуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      Осы Заңға сәйкес белгіленген өткізу пункттеріне адамдардың, көлік құр...

Толық оқу »

28-бап. Шекара өкілдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

28-бап. Шекара өкілдеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Шекара өкілдері өз қызметінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, осы За...

Толық оқу »

41-бап. Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру және жүріп-тұру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

41-бап. Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру және жүріп-тұруҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Шекаралық аймақтағы адамдар жеке басын куәландыр...

Толық оқу »

29-бап. Мемлекеттік шекара режимін бұзу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

29-бап. Мемлекеттік шекара режимін бұзуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мынадай:      1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік...

Толық оқу »

43-бап. Шекара режимін бұзу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

43-бап. Шекара режимін бұзуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      Осы Заңға сәйкес белгіленген шекаралық аймаққа кіру (өту), онда уақытша болу немесе...

Толық оқу »