Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмағаны туралы шешімдерге дау айту

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмағаны туралы шешімдерге дау айту

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмағаны туралы шешімдерге дау айту

Сот практикасы көрсеткендей, кедендік даулар санатын бірнеше кіші түрге бөлуге болады: камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмағаны туралы шешімдерге дау айту; кедендік және өзге де құжаттарды тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға дау айту; тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешімдерге дау айту; кедендік төлемдер бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаларға дау айту.

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмағаны туралы шешімдерге дау айту негізінен рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілуі туралы уәждерге саяды.

Жауапкер жол берген рәсімдік бұзушылық әкімшілік актіні заңсыз деп тану үшін дербес құқықтық негіз болып табылады. Бұл ретте заңнама талаптары сақталған жағдайда жауапкер осы әкімшілік рәсімді қайтадан бастауға құқылы.

2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітілген Ереженің 19-тармағында Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – МКД) басшысының өз орынбасарларының, МКД құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындау, сондай-ақ өз құзыреті шегінде МКД актілеріне қол қою өкілеттіктері көзделген. Ережеде МКД басшысының өз өкілеттіктерін жоғары тұрған мемлекеттік орган қызметкерлеріне беру арқылы қандай да бір актілер шығару құқығы көзделмеген.

Астана қаласының МАӘС-нің 2023 жылғы 15 наурыздағы шешімімен акционерлік қоғамның «Астана қаласы бойынша МКД» республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты хабарламаны және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмағаны туралы шешімді заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы талабы қанағаттандырылған.

Астана қалалық сотының ӘІСК-нің 2023 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

ҚР Жоғарғы Сотының ӘІСК-нің 2024 жылғы 15 ақпандағы қаулысымен жергілікті соттардың осы іс бойынша сот актілері күшінде қалдырылған (6001-23-00-6ап/1736).

Соттар ӘРПК-нің 80-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын, 81-бабын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 1-бабының 12) және 16) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, дауланып отырған хабарламаның оған қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) болуы бөлігінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деген қорытындыға келген.

Атап айтқанда, хабарламада оған қол қойған тұлға ретінде Астана қаласы бойынша МКД басшысы көрсетілгені, алайда оның ЭЦҚ-сы жоқ екені анықталған. Ал іс жүзінде шешімге ҚР Қаржы министрлігі МКК Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің тәуекелдерді басқару басқармасы басшысының орынбасары ЭЦҚ арқылы қол қойған.

Дауланып отырған әкімшілік актіге қол қою заңнама талаптарына, сондай-ақ жауапкердің өкілеттіктерді бөлуді айқындайтын ведомстволық актілеріне қайшы келетіні анықталған. Қаралып отырған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмағаны туралы шешім заңсыз хабарламаның салдары ретінде заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Кеден кодексінің (бұдан әрі – КК) 417-бабы 3-2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда тексерілетін тұлғаның анықталған бұзушылықтар бойынша түсіндірмені электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде, растайтын құжаттарды, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді қоса бере отырып ұсынуы бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау болып танылады.

КК-нің 417-бабы 3-3-тармағының талаптарына сәйкес, кеден органы тексерілетін тұлға түсіндірме мен құжаттарды ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығаруға құқылы.

Практикада декларанттың түсіндірмесі нысаны мен мазмұны бойынша кеден заңнамасының талаптарына сәйкес келгеніне қарамастан, кеден органдары оны негізсіз қабылдамай, хабарламаны орындалмаған деп таниды. Бұл жағдай соттардың талап қоюды қанағаттандыруына негіз болады.

Шымкент қаласының МАӘС-нің 2022 жылғы 5 қазандағы шешімімен жауапкерге қатысты анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаны жолдау әрекеттерін заңсыз деп тану, сондай-ақ анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның орындалмағаны туралы шешімді заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің талабы ішінара қанағаттандырылған. Бұған талап қоюшының барлық талаптарға сәйкес келетін түсіндірмені растайтын құжаттармен бірге ұсынғаны негіз болған.

Шымкент қалалық сотының ӘІСК-нің 2023 жылғы 15 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген. Қанағаттандырылған бөлігінде декларант тауарлардың кедендік құнының құрылымын сақтамағаны және көлік пен логистикалық шығындардың жұмсалғанын растайтын дәлелдемелердің болмағаны себепті талап қоюдан бас тартылған.

Сонымен бірге, ҚР Жоғарғы Сотының ӘІСК-нің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен апелляциялық сатының қаулысы күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған (6001-23-00-6ап/1330).

Істің мән-жайларынан талап қоюшының шетелдік компаниялармен жасалған шарттар шеңберінде ел аумағына автокөлік құралдарының қосалқы бөлшектерін әкелгені анықталған.

Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына тауарларды әкелу кезінде декларант тауарларға арналған декларациялар бойынша кедендік декларациялауды жүзеге асырған.

Кеден органы талап қоюшыға 635 951 теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдаған. Хабарламаны жолдауға декларацияларда мәлімделген тауарлар құнының ұқсас жағдайларда әкелінген бірдей және біртекті тауарлардың құнымен салыстырғанда төмен болуына байланысты тәуекелдерді басқару жүйесінің автоматты түрде іске қосылуы негіз болған.

Хабарламамен келіспеген жауапкершілігі шектеулі серіктестік жауапкерге анықталған бұзушылықтар бойынша түсіндірме жолдаған.

Шымкент қаласы бойынша МКД мәлімделген тауарлар құнында алшақтықтардың болуына байланысты бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмағаны туралы шешім шығарған.

Кассациялық алқа жергілікті соттардың дауды мәні бойынша, яғни кедендік құнды айқындаудың заңдылығы тұрғысынан шешуімен жалпы алғанда келіспеген. Өйткені хабарламаның орындалмағаны туралы шешімнің заңдылығын тексеру кезінде сот КК-нің 418-бабының 10-тармағында көзделген жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерудің нәтижелерін алдын ала шешуге құқылы емес.

Хабарламаның орындалмағаны туралы шешімнің заңдылығына қатысты дауды қарау кезінде соттарға түсіндірменің нысаны мен мазмұны бойынша КК-нің 417-бабы 3-2-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкестігін және декларант өз уәждерін растау үшін сілтеме жасаған құжаттардың қоса берілгенін анықтау жеткілікті.

Алқа КК-нің 417-бабы 3-2-тармағының 2) тармақшасындағы талаптың императивтік сипатына байланысты түсіндірмені ұсыну хабарламаны орындау болып танылатынын атап көрсетті.

 

Нормативтік база

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК);
  3. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – КК);
  4. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (бұдан әрі – ЕАЭО КК);
  5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 7 «Соттардың кеден заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы;
  6. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі);
  7. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – КК);
  8. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ӘҚБтК);
  9. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
  10. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт);
  11. ЕАЭО құқығын құрайтын актілер (бұдан әрі – кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер);
  12. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы» шешімі.

 

Пайдаланылған қысқартулар

ӘІСК ВС – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

ӘІСК – облыстық және оларға теңестірілген соттардың әкімшілік істер жөніндегі сот алқалары;

МАӘС – ел өңірлерінің мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары;

ММ – мемлекеттік мекеме;

РММ – республикалық мемлекеттік мекеме;

МКК – Мемлекеттік кірістер комитеті;

МКД – Мемлекеттік кірістер департаменті;

МКБ – Мемлекеттік кірістер басқармасы;

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

ЖК – жеке кәсіпкер.

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою өсімпұлды есептеуге және төлеуге әкеп соқпайды

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою өсімпұлды есептеуге және төлеуге әкеп соқпайдыКамералдық кедендік тексеру актісінің нег...

Толық оқу »

Камералдық кедендік тексеру және көшпелі кедендік тексеру актілері дауласуға жатпайды

Камералдық кедендік тексеру және көшпелі кедендік тексеру актілері дауласуға жатпайдыКамералдық кедендік тексеру және көшпелі кедендік тексеру актілері АІЖК-нің 29-тарауының т...

Толық оқу »

334-бап. Кеден және өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

334-бап. Кеден және өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігі Еуразиялық эконом...

Толық оқу »

335-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

335-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 1. Кеден органының лау...

Толық оқу »

336-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

336-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 1. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру...

Толық оқу »

337-бап. Кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

337-бап. Кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 1. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары кед...

Толық оқу »

421-бап. Кеден органы лауазымды адамдарының кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

421-бап. Кеден органы лауазымды адамдарының кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Ке...

Толық оқу »

422-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

422-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кедендік тексер...

Толық оқу »

416-1-бап. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізілген кедендік тексерудің жарамсыздығы

416-1-бап. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізілген кедендік тексерудің жарамсыздығы      1. Егер кедендік тексеруді ке...

Толық оқу »

Кедендік бақылау нысанында кедендік әкімшілендіру камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны және бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

Кедендік бақылау нысанында кедендік әкімшілендіру камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаКедендік әкімшілендіру-кедендік реттеу ж...

Толық оқу »

Жүргізілген камералдық кедендік тексеру бойынша кеден органдарының шешімдерімен сот даулары, камералдық кедендік тексеру актісі, кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама

Жүргізілген камералдық кедендік тексеру бойынша кеден органдарының шешімдерімен сот даулары, камералдық кедендік тексеру актісі, кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды...

Толық оқу »

420-бап. Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

420-бап. Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне кір...

Толық оқу »

423-бап. Кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

423-бап. Кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Қазақстан Республикасының с...

Толық оқу »

Камералдық кедендік тексеруді жүргізуді бастау туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Камералдық кедендік тексеруді жүргізуді бастау туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/277 17.08.2023 ж.Талапкер: "Т"ЖШСЖауапкер: "Мемлеке...

Толық оқу »