416-1-бап. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізілген кедендік тексерудің жарамсыздығы
1. Егер кедендік тексеруді кеден органдары осы баптың 2-тармағында белгіленген, кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, ол жарамсыз деп танылады.
2. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:
осы Кодексте белгіленген кедендік тексеру жүргізу мерзімдерін бұзу;
тексерілетін тұлғаға кедендік тексерудің алдын ала актісін жібермеу немесе табыс етпеу;
нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақ кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің болмауына және (немесе) тексерілетін тұлғаның оларды ұсынбауына байланысты бұзу фактілері анықталған камералдық кедендік тексеруді осындай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткенге дейін аяқтау.
осы Кодекстің 418-бабының 1-тармағында белгіленген тексерілетін тұлғаның объектісіне және (немесе) объектілеріне іс жүзінде бармай басталған көшпелі кедендік тексеруді жүргізу. Тексерілетін тұлғаның объектісіне (немесе) объектілеріне іс жүзінде баруды еркін нысандағы бару актісімен және (немесе) өзге де құжаттармен және тәсілдермен тіркеп-белгілеу осындай баруды растау болып табылады.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте кеден органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне және (немесе) объектілеріне іс жүзінде баруды мұндай тексеруді жүргізу мерзімінен аз мерзімдерде жүзеге асыруы, сондай-ақ мыналарға:
тексерілетін тұлға объектісінің және (немесе) объектілерінің тұрғын үй-жайларда болуына және (немесе) тіркелуіне;
тексерілетін тұлғаның объектісінде және (немесе) объектілерінде тексерілетін тұлғаның болмауына;
көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін кеден органының лауазымды адамдарына тексерілетін тұлғаның объектісіне және (немесе) объектілеріне кіруден негізсіз бас тартылған өзге де жағдайларға байланысты тексерілетін тұлғаның объектісіне және (немесе) объектілеріне іс жүзінде бару мүмкін болмаған жағдайлар өрескел бұзушылық болып табылмайды.
3. Кедендік тексеруді жарамсыз деп тану уәкілетті органның және (немесе) соттың кедендік тексеру актісі мен тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюы үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы