Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Кедендік даулар бойынша талап қоюлардың соттарға ведомстволық бағыныстылығына жатпау мәселелері

Кедендік даулар бойынша талап қоюлардың соттарға ведомстволық бағыныстылығына жатпау мәселелері

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Кедендік даулар бойынша талап қоюлардың соттарға ведомстволық бағыныстылығына жатпау мәселелері

Талап қоюлардың соттарға ведомстволық бағыныстылығына жатпау мәселесі негізінен әкімшілік рәсімге қатысушылардың әкімшілік органның аралық актілеріне қорытынды ауыртпалық салатын әкімшілік акт болмаған кезде (тексеру жүргізу туралы хабарлама, кедендік тексеру актісі және т.б.) дау айтуынан көрінеді. Алайда мұндай актілер сот талқылауының дербес нысанасы бола алмайды. Әкімшілік органдардың аралық актілері әкімшілік рәсімнің кезеңін білдіреді және мемлекеттік органның әкімшілік рәсім нәтижелері бойынша түпкілікті әкімшілік акт қабылдауына дейін шығарылады. Осы негіздер бойынша барлығы 52 талап қою қайтарылған.

Мысалы, ЖШС Қостанай облысы бойынша МКД РММ-не тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік декларацияға, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерге қатысты кедендік және өзге де құжаттар мен (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу туралы хабарламаға дау айту жөнінде талап қоюмен жүгінген.

Талап қоюшы өз талаптарын жоспардан тыс тексеруге бақылау мен қадағалаудың нақты субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар ғана жататынымен негіздеген. Ал дауланып отырған хабарламада нақты фактілер мен мән-жайлар көрсетілмей, тек жалпы негіздер келтірілген. Осыған байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіздер жоқ деп есептеген.

Іс материалдарымен талап қоюшының жауапкер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 292 бұйрығымен бекітілген Кедендік декларацияға, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерге қатысты кедендік және өзге де құжаттар мен (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу туралы тұлғаны хабардар ету қағидаларының № 1 қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес, КК-нің 426-бабы тәртібімен жауапкер шығарған хабарламаға дау айтып отырғаны анықталған.

Сот талап қоюшының аталған хабарламаға әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен дау айтуға құқығы жоқ деп дұрыс тұжырымдаған, өйткені ол ауыртпалық салатын әкімшілік актінің өлшемшарттарына сәйкес келмейді. Жауапкердің бұл әрекеттері тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылаудың бастапқы кезеңі болып табылады. Ал түпкілікті шешім № 2 қосымша нысанында шығарылатын хабарлама болып есептеледі және оған сот тәртібімен дау айтуға болады.

Осыған байланысты соттың ұйғарымымен талап қою қайтарылған.

Қостанай облыстық сотының ӘІЖСК қаулысымен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Тағы бір мысал. Астана қаласының соттары ЖШС-нің Астана қаласы бойынша МКД РММ-не қатысты хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талап қоюын қайтарған, өйткені дауланып отырған хабарлама әкімшілік актіге тән барлық белгілерге ие емес және әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.

ҚР Жоғарғы Сотының ӘІЖСК-сы Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 «Көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы» шешімімен бекітілген КК нормалары мен Көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың ережелерін талдай отырып, сот актілерін күшінде қалдырған және тексеру аяқталмағанын, кедендік тексеру актісінің жоқ екенін, ал дауланып отырған хабарлама кедендік міндеттемелер мен рәсімдердің бұзылмағанын тексеру мақсатында жіберілгенін ескере отырып, мұндай талап қоюдың мерзімінен бұрын берілгенін түсіндірген. Оның үстіне, талап қоюды мәні бойынша қарау аяқталмаған тексерудің нәтижесін алдын ала айқындап қоюы мүмкін.

Бұдан бөлек, Серіктестік мәлімделген тауарларды құжат жүзінде растаған жағдайда, МКД-ның кедендік тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдау кезінде әкімшілік қалау құқығы бар екенін ескере отырып, жауапкердің талап қоюшы үшін қолайлы әкімшілік акт қабылдауы да жоққа шығарылмайды.

Осылайша, жоғарыда көрсетілгендей, талап қоюшы әкелінетін тауарларды декларациялаудың оңайлатылған рәсімін және соның нәтижесінде өзі үшін қолайлы әкімшілік актіні (тауарды әкелу және шығару сәтінде) таңдай отырып, кейіннен кедендік бақылау жүргізілген жағдайда оған бағыну міндеттемесін өзіне алған.

Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аралық әрекеттерге сот тәртібімен дау айтуы кедендік жеңілдіктердің күшін жоюға және оңайлатылған рәсім қолданылатын тауарлар тізбесінің қысқаруына әкеп соғуы мүмкін.

Осылайша, аталған кезеңде ЖШС дау айтып отырған хабарлама оған ауыртпалық салатын әкімшілік акт болып табылмайды, өйткені тексеру нәтижелері туралы хабарлама жоқ.

Сонымен қатар, дауланып отырған хабарлама әкімшілік актінің белгілеріне сәйкес келмейді, себебі онда тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар қамтылмаған, әкімшілік рәсімге қатысушыға қандай да бір міндет жүктемейді және оның жағдайын өзге де жолмен нашарлатпайды.

Жоғарыда баяндалғандардан ЖШС дау айтып отырған хабарламаның оған қандай да бір міндет жүктейтін немесе оның жағдайын нашарлататын әкімшілік акт болып табылмайтыны туындайды. Ол аралық сипатқа ие, яғни түпкілікті әкімшілік акт қабылданғанға дейінгі кезеңде шығарылған құжат болып табылады және сотта оған дау айтылған жағдайда әкімшілік іс бойынша дәлелдемелік мәнге ие болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандардың мәні мынада: дауланып отырған хабарлама әкімшілік акт деп тану үшін қажетті әрі жол берілетін белгілердің барлығына ие емес, тиісінше, жария-құқықтық қатынастар аясына жатпайды (6001-23-00-6ап/2624).

Нормативтік база

  1. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК);
  3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексі (бұдан әрі – КК);
  4. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (бұдан әрі – ЕАЭО КК);
  5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 7 «Соттардың кеден заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы;
  6. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексі;
  7. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – КК);
  8. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ӘҚБтК);
  9. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
  10. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт);
  11. ЕАЭО құқығын құрайтын актілер (бұдан әрі – кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер);
  12. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын кедендік бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы» шешімі.

Пайдаланылған қысқартулар

ҚР ЖС ӘІЖСК – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

ӘІЖСК – облыстық және оларға теңестірілген соттардың әкімшілік істер жөніндегі сот алқалары;

МАӘС – ел өңірлерінің мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары;

ММ – мемлекеттік мекеме;

РММ – республикалық мемлекеттік мекеме;

МКК – Мемлекеттік кірістер комитеті;

МКД – Мемлекеттік кірістер департаменті;

МКБ – Мемлекеттік кірістер басқармасы;

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

ЖК – жеке кәсіпкер.

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

Мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулардың соттылығымен ведомстволығы

Мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулардың соттылығымен ведомстволығыАПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар мамандандырылған аудана...

Толық оқу »

Шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындауға байланысты даулар даудың шетелдік сотқа ведомстволық бағыныстылығы атқару парағын беруден бас тартуға әкеп соғады

Шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындауға байланысты даулар даудың шетелдік сотқа ведомстволық бағыныстылығы атқару парағын беруден бас тартуға әкеп соғадыЗ.Қарағанды...

Толық оқу »

Мүліктік және мүліктік емес даулар бойынша азаматтық істердің соттылығы және ведомстволық бағыныстылығы

Мүліктік және мүліктік емес даулар бойынша азаматтық істердің соттылығы және ведомстволық бағыныстылығыАІЖК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мамандандырылған ауданаралық эконо...

Толық оқу »