Лауазымды нұсқаулық
Архивариус
Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
кәсіпорында архив ісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
архивке келіп түсетін құжаттарды сақтауды және сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
құрылымдық бөлімшелерден сақтауға келген, іс жүргізумен аяқталған құжаттарды қабылдайды және тіркейді;
іс номенклатураларын әзірлеуге қатысады, олардың архивқа тапсыру кезінде қалыптасуының және ресімделуінің дұрыстығын тексереді;
қолданылып жүрген тәртібіға сәйкес сақтау бірліктеріне шифр береді, істерді жүйелендіреді және орналастырады, олардың есебін жүргізеді;
тұрақты және уақытша сақтау мерзім бірліктерінің тізімдеме жинағын, сонымен қатар құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру, сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен шығару мен жою үшін актілерін даярлайды;
құжаттар бойынша анықтама аппаратын құру бойынша жұмысты жүргізеді, оларды ыңғайлы және тез іздестіруді қамтамасыз етеді;
архивтік құжаттардың ғылыми және тәжірибелік құндылығының сараптамасы бойынша жұмысқа қатысады;
кұжаттардың жайын, олардың қалпына келтірілуінің уақтылығын, архивүй жайларында олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайдың болуын қадағалайды;
архив үйжайларында өрт қауіпсіздігі тәртібінің сақталуын бақылайды;
келіп түскен сұрауларға сәйкес архивтік көшірмелерді және құжаттарды береді;
архив құжаттарында бар мағлұматтардың негізінде қажетті анықтамалар жасайды;
архив жұмысы туралы есеп жасау үшін деректерді дайындайды;
жұмыста қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
Білуге тиіс:
ұйымда архив ісін жүргізу бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;
құжаттарды архивке қабылдау және тапсыру, оларды сақтау және пайдалану тәртібі;
іс жүргізу жүйесі;
құжаттарды тұрақты және уақытша сақтау сипаттамалары және құжаттарды жою туралы актілерді жасау тәртібі;
істерді ресімдеу және оларды сақтау мен пайдалануға дайындау тәртібі;
есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібі;
ұйымның құрылымы;
техникалық құралдарды пайдалану тәртібі;
экономика, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Нұсқаулықпен таныстым:
___________/__________________________
(подпись, Ф.И.О., дата)
«___»__________ 20___ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
007 Приложение №1 ДОЛЖНОСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ
17 рет жүктеп алынды -
001 Титулка
13 рет жүктеп алынды -
004 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
18 рет жүктеп алынды -
006 Еңбек шарты Трудовой договор
17 рет жүктеп алынды -
008 Приложение № 2 о неразглашении конфиденциальной информации
17 рет жүктеп алынды -
009 Приложение № 3 о полной материальной ответственности
15 рет жүктеп алынды -
003 Перечень документов, необходимых при приеме на работу
21 рет жүктеп алынды -
002 Внутренняя опись
18 рет жүктеп алынды -
005 Кадр есебі жөніндегі ІС ПАРАҒЫ
21 рет жүктеп алынды