Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

           Істердің осы санаты бойынша өсім бөлігінде ең көп таралған даулар сауда-саттықта бағаларды өсіру, төмендету немесе ұстап тұру, сауда-саттық, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бұрмалау анықталды (КК-нің 169-бабы 1- тармағының 2) тармақшасы).

           Талдау монополияға қарсы органның картельдік келісімдерді дәлелдеу практикасы, әсіресе мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде, бәсекелестікті шектейтін бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін жанама дәлелдердің болуына ғана байланысты екенін көрсетті.

           Жанама дәлелдемелерге монополияға қарсы орган көбінесе мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мінез-құлқының ұқсас үлгісін келтіреді (бірдей IP мекенжайларды пайдалану, мемлекеттік сатып алу порталына өтінім беру уақыты).

           Осылайша, көрсеткіш кейстер ретінде талап қоюлар бойынша келесі даулар көрсетілген: ЖШС (№ 6001-23-00-6ап/20(2) ), РМҚК және ЖШС (№ 6001-23 00-6aп/173), олар бойынша соттар тергеп-терсеруді бекіту туралы бұйрықтың заңсыз деп тану және күшін жою бөлігінде талап қою талаптарын қанағаттандырды.

           Сот талап қоюларды қарау шеңберінде КК-нің 169-бабы 1- тармағының 2) тармақшасында көзделген картельдік келісімдер фактілері бойынша тергеп-терсеру жүргізу кезінде белгілі-бір мән-жайларды, атап айтқанда, нарық субъектілерінің келісімдерге қол жеткізу (жасасу) фактісін, сауда-саттықты бұрмалау түріндегі салдардың болуын, келісімдерге қатысушылардың нақты әрекеттері мен бәсекелестік үшін жағымсыз салдарлар арасындағы себеп салдарлық байланысты дәлелдеу қажеттігі туралы мәселелерді көтерді.

           Сонымен қатар, ЖШС, ЖШС (№ 6001-23-00-6ап/1441) талап қоюы бойынша ЖС ӘІЖСА аппеляциялық сатының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды тергеп-терсеру нәтижелері бойынша қорытындыны заңсыз деп тану және бекіту туралы қойған талабын қанағаттандырудан бас тарту бөлігіндегі шешімін келесі негіздер бойынша қолдады.

           КК-нің 218-бабы 3-тармақшасына сәйкес тексерілетін кезеңді монополияға қарсы орган дербес айқындайды және тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықта көрсетіледі.

           Тексерілетін кезеңді көрсету бөлігінде заңнаманың жалғыз талабы монополияға қарсы органның КК-нің 223-бабының 4) тармақшасында және ҚР ӘҚБтК-нің 62-бабының 2-тармағында белгіленген бұзушылық жасалған күннен бастап есептелетін талап қоюдың бес жылдық ескіру мерзімін сақтау қажеттілігі болып табылады.

           Тергеп-терсеру жүргізу туралы бұйрықтар шығарылған кезде жоғарыда аталған ескіру мерзімі өткізілмеген.

           КК-нің 169-бабының 1-тармағында белгіленген бұзушылықтарды есептеу үшін тауар нарығында бәсекелестіктің жекелеген талдауының болуы қажеттілігіне қатысты материалдық құқық нормаларына сәйкес келмейді, өйткені КК ережелері мұндай міндетті талапты көздемейді.

           Шынында да, КК-нің 196-бабының 11-тармағында бәсекелестікке қарсы келісімдердің белгілерін анықтау үшін КК-нің 196-бабы 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген кезеңдерді қамтымайтын тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізілетіні көзделген.

           Бұл ретте КК-нің 196-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес тауар нарығындағы бәсекелестікті талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар қорытындыда көрсетіледі.

           КК-де «Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау жөніндегі қорытынды» деп аталатын жеке құжатты бекіту қажеттілігі туралы нұсқаулар жоқ.

           Тиісінше, талдау қорытындылары тергеп-терсеру нәтижелері бойынша қорытындының өзінде көрсетілуі мүмкін. Көрсетілген талап қою шеңберінде, ЖС ӘІЖСА картельдік келісімнің болу фактісін анықтаған кезде тауар нарығының шекараларын, картельдік келісімге қатысушылар тауар нарығындағы бәсекелестер немесе әлеуетті бәсекелестер болып табылатын-табылмайтынын, экономикалық дәлелдемелердің: осындай келісімді іске асыру кезінде келісімге қатысушылар алған пайданың не артықшылықтардың болуын айқындау қажет екенін көрсетті.

           Картельдік келісімнің ерекшелігі оған мүлдем тыйым салынған, өйткені мұндай келісім кез-келген жағдайда бәсекелестік жағдайына қауіпті болып табылады.

           Яғни, монополияға қарсы органның субъектілер арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімге қол жеткізу фактісін дәлелдеуі жеткілікті, мұндай бұзушылық салдарының болуы не болмауының құқықтық мәні жоқ.

           Тергеп-тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау рәсімінің және оны жүргізу мерзімінің бұзылуы расталмады.

           Өйткені, КК-нің 218-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

           Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс.

           Мерзімді ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші мен тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.

           Монополияға қарсы орган шығарған тергеп-терсеру кезеңін ұзарту туралы бұйрықты, тоқтата тұру туралы ұйғарымды ескере отырып, тергеп терсеру жүргізу мерзімі іс жүзінде төрт айдан аспады.

           КК-нің 222-бабының 1-тармағының 1) тармақшасы - соттың тергеп терсеру үшін маңызы бар басқа істі қарауы тергеп-терсеруді тоқтата тұруға негіз болды.

           КК-нің 156-бабының 2-тармағында тексеруді жарамсыз деп тануға әкеп соғатын Кодекс талаптарын өрескел бұзушылықтардың тізбесі белгіленгеніне назар аударған жөн.

           Тергеп-терсеру субъектілеріне жіберілмейтін аралық актілерде барлық лауазымды тұлғалардың қолының болмауы өрескел бұзушылықтарға жатқызылмаған.           

           Монополияға қарсы органның тексерілетін кезеңдегі монополиялық кірісті дұрыс анықтамауы қаулының күшін жоюға әкеп соқпайды, өйткені монополиялық кірістің мөлшері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу шеңберінде айыппұл сомасын айқындау үшін маңызы бар.

           Тиісінше оны анықтаудың дұрыстығын тексеру осындай істі қарауға уәкілетті органның (соттың) құзыретіне жатады.

           Осыған байланысты ЖС ӘІЖСА қаулының күшін жою немесе өзгерту үшін құқықтық негіздерді қарастырған жоқ.

           ЖШС (№ 6001-22-00-6ап/1160) талап қоюы бойынша осыған ұқсас жағдай, онда ЖС ӘІЖСА төмен тұрған соттардың шешімдерін қолдады және 2020 жылғы 27 қараша - 2021 жылғы 7 маусым аралығында монополияға қарсы орган ЖШС және ЖШС қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізгенін сенімді түрде анықтады деген қорытындыға келді, оның барысында талап қоюшылар арасында шарттар жасалғаны, олардың арасында дәрілік препараттарды өткізу жүзеге асырылатыны, талап қоюшыларға бірдей қызметкерлер жұмыс істейтіні, талап қоюшыларың банктік кепілдіктерді алу жөніндегі әрекеттері бір күнде жасалғандығы, талап қоюшыларың қоймалары бір мекенжайда орналасқандығы анықталды.

Әкімшілік істерді қайтару.

        Қайтарулардың ең көп саны «талап қоюшы талап қоюды кері қайтарып алды» ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасына, сондай ақ «іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды» ӘРПК нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына келеді.

          Негізі (ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігі бойынша)

         1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаған және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаған

       4) өтінішке қол қоюға немесе оны ұсынуға өкілеттігі жоқ адам қол қояды

        5) осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасындағы дау бойынша іс бар

    6) талап қоюшы берілген талап қоюды кері қайтарып алды

    11) іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды

     15) сот өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартты

    17) іс осы сотта қаралмайды

      ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасы негізінде қайтарулардың көп саны әкімшілік талап қою кезінде талап қоюшылардың жіберген қателіктерімен байланысты екенін көрсетті.

      ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті болып жеке тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың жария-құқықтық қатынастардағы құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу табылады.

      Жария-құқықтық қатынастар құқық субъектілері арасында қатысушылардың бірінің басқаға қатысты өзінің билік өкілеттіктерін жүргізуіне байланысты туындайтынын атап өту маңызды.

      ӘРПК-нің 138-бабының бесінші бөлігінің тәртібімен жазбаша пікірді, уәжді ұстанымды ұсынбау ақшалай өндіріп алуды қолдануға негіз болып табылуы мүмкін екендігіне және әкімшілік істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейтініне назар аударған жөн.

            Нормативтік құқықтық актілер

Соттар монополияға қарсы заңнаманы қолдануға байланысты істерді қарау кезінде басшылыққа алуы тиіс негізгі нормативтік құқықтық актілер:

1) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі (КК);

3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК);

4) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ (ӘҚБтК) кодексі;

5) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ҚРЗ Заңы (Заң);

6) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (ЖС ӘІЖСА);

7) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның аумақтық органдары (монополияға қарсы орган);

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық органдары (Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті орган).

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер практикасы

Монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер практикасы Монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты істердің әртүрлі санаттарын, оның ішінде: әрекеттерінд...

Толық оқу »

4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті Тауар биржалары туралы Заңы

4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыретіТауар биржалары туралы Заңы      Монополияға қарсы орган:      1) тауар биржаларының қызметін реттеу са...

Толық оқу »

Монополияға қарсы органның тарифтерді (шекті деңгей, уақытша өтемдік) және тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтарына шағымдану

Монополияға қарсы органның тарифтерді (шекті деңгей, уақытша өтемдік) және тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтарына шағымдану2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңның 15-бабына сә...

Толық оқу »

228-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын қайта қарау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

228-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын қайта қарау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Монополияға қарсы орган нұсқаманы (өзінің немесе аумақтық б...

Толық оқу »

162-бапқа түсініктеме. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді бұзу және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің үй-жайларына және аумағына кіруге кедергілер жасау

162-бапқа түсініктеме. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді бұзу және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық ту...

Толық оқу »

90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы органның міндеттері:      1) адал бәсекелестікті дамытуға...

Толық оқу »

90-3-бап. Монополияға қарсы органға басшылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-3-бап. Монополияға қарсы органға басшылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы органға басшылықты оның бірінші басшысы жүзеге асырады.Қазақс...

Толық оқу »

224-бап. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешімдері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

224-бап. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешімдері Қазақстан Ре...

Толық оқу »

229-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің нұсқамаларын тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

229-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің нұсқамаларын тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімше...

Толық оқу »

206-бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртiбi Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

206-бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртiбi Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Осы Кодекстің 201-бабы 1-тар...

Толық оқу »

230-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларына шағым жасау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Монополияға қарсы органның нұсқамаларына Қазақстан Республи...

Толық оқу »

Нарық субъектісін монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы

Нарық субъектісін монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралыӨК нормалары бұзылған кезде нарық субъектілері, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы орг...

Толық оқу »

162-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және үй-жайлар мен аумаққа кiруге кедергi жасау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

162-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және үй-жайлар мен аумаққа кiруге кедергi жасау Әкімшілік құқық бұзушылық...

Толық оқу »

28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары Тауар биржалары туралы Заңы

28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларыТауар биржалары туралы Заңы      Монополияға қарсы органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ о...

Толық оқу »

Тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істе

Тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істе Табиғи монополияларды реттеу нарықтың экономикалық н...

Толық оқу »

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану және монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану және монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер КК-нің 172-бабына сәйкес тиісті тауар нарығындағы нарық...

Толық оқу »

Монополияға қарсы органның қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпаратты талап ету монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

Монополияға қарсы органның қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпаратты талап ету монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер КК-нің 90-6-бабының 21)-тармақша...

Толық оқу »

90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегі...

Толық оқу »

90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Еуразиялық эконо...

Толық оқу »

90-1-бап. Монополияға қарсы органның жүйесі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-1-бап. Монополияға қарсы органның жүйесі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Монополияға қарсы органның біртұтас жүйесін орталық мемлекеттік орган және оғ...

Толық оқу »

90-6-бап. Монополияға қарсы органның құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-6-бап. Монополияға қарсы органның құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы орган:      1) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызме...

Толық оқу »

90-7-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-7-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін...

Толық оқу »

221-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

221-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы орг...

Толық оқу »

209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Егер жасалға...

Толық оқу »

207-бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға (өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

207-бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға (өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама Қазақстан Республикасының Кә...

Толық оқу »

226-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

226-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Монополияға қарсы орган белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес:      1) нарық су...

Толық оқу »