Тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істе
Табиғи монополияларды реттеу нарықтың экономикалық немесе техникалық ерекшеліктеріне байланысты табиғи монополия бар секторларда әділ бағаны қамтамасыз етуге, теріс пайдаланудың алдын алуға және тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған экономикалық саясаттың маңызды аспектісі болып табылады.
Соттар табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың бұзылуына байланысты істердің әртүрлі санаттарын, оның ішінде:
тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау;
тексеру нәтижелерінің актілеріне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқамаға шағым жасау бөлігін қарайды.
Заңның 6-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу тарифті қалыптастыру, белгілеу және бекіту және табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістерін айқындау арқылы жүзеге асырылады..
Заңның 4-бабының 6) тармақшасында жария тыңдаулар – тариф жобасын, есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын талқылау және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептер беруді өткізу рәсімі болып айқындалған.
Заңның 8-бабының 9) тармақшасында уәкiлеттi орган өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, жария тыңдаулар өткізетіні бекітілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (Қағидалар) 403-тармағымен жария тыңдаулар уәкілетті орган ведомствосының тарифті айқындауы кезінде өткізілетіндігі регламенттелген.
Заңның 25-бабы 5-тармағына сәйкес уәкiлеттi орган мерзімді баспасөз басылымында – тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулардың өткізілетін күнi мен орны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында тарифтің жобасын талқылау бойынша өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелерін, оның ішінде талқылаулардың стенограммаларын, қаралатын мәселелер бойынша қабылданған шешімдерімен бірге отырыстардың хаттамаларын орналастырады.
Мәселен, істердің осы санаты бойынша кассациялық сатыда 17 дау қаралды. Даулардың осы санаты бойынша көрсеткіш кейстер АҚ (№ 6001-23-00 6ап/1563), ЖШС (№ 6001-23-00-6ап/1079) талап қоюлары болып табылады.
Жергілікті соттар талап қоюдан бас тарта отырып, жауапкердің 2021 жылғы 29 қарашадағы №135-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу жөніндегі әрекеттерінің заңдылығы туралы қорытындыға келді, себебі ішкі бақылау нәтижелері бойынша Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық органның әрекеттерінде табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын бұзушылықтарды анықтады, осыған байланысты көрсетілген бұйрыққа тауарлық газдың бөлшек бағасын белгілей отырып, тариф пен тарифтік смета бөлігіне өзгеріс енгізу қажет болған.
ЖС ӘІЖСА шешімнің күшін жоя отырып, өтінімді, оның ішінде тарифті көтеру бойынша есептерді қарау, өзгертілген тарифті бекіту және қолданысқа енгізу жария тыңдаулар барысында қаралуы тиіс деген қорытындыға келді.
Демек, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі аумақтық органның тарифті бекіту процесінде рәсімдік әрекеттерді, оның ішінде тиісті құжаттарды дайындау рәсімін сақтамауы бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізудің рәсімдік тәртібінің бұзылуына алып келді, өйткені өзгертілген тарифті бекіту мен қолданысқа енгізуді жария тыңдаулар барысында қарауға болады.
Осылайша, аумақтық органға ӘРПК-нің 100-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қолданыстағы бұйрыққа өзгерістер енгізбей, жаңа әкімшілік рәсім жүргізу қажет болды. ЖШС талап қоюы бойынша (№ 6001-22-00-6ап/1726) жергілікті соттар аумақтық орган тарапынан заңсыз бас тарту фактісін анықтады, алайда жауапкерді талап 2021 жылғы қоюшыға 19 мамырдағы өтінім бойынша тарифті бекітуге мәжбүрлеу бөлігінде талаптарды қанағаттандыру үшін құқықтық негіздер жоқ деген дәрменсіз қорытындыға келді.
ЖС ӘІЖСА тарифті бекіту бөлігіндегі шешімдердің күшін жоя отырып, жаңа тарифті бекіту туралы өтінім беру кезінде талап қоюшы Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде тұрды деген қорытындыға келді, осыған байланысты тарифті бекіту жөніндегі талап қанағаттандырылуға жатады.
АҚ-ның талап қоюы бойынша (№6001-23-00-6 ап/128) талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, жергілікті соттар даулы бұйрық заңды күші бар нұсқаманы және осы іс үшін преюдициялық маңызы бар сот қаулысын орындау үшін шығарылды деген қорытындыға келді.
Сот заңды күшіне енген сот актісінде белгіленген мән-жайларды қайта қарауға құқылы емес. Бұйрық Комитетке Заңның 8-бабында берілген құзыреті мен өкілеттігі шегінде және қолда бар әкімшілік қалауына сәйкес шығарылды (ӘРПК-нің 11-бабы).
ЖС ӘІЖСА жергілікті соттардың шешімдерінің күшін жоя отырып, нұсқама шығару үшін негіздердің заңдылығына құқықтық баға берілмегендіктен істі жаңадан қарауға жіберді, өйткені Есеп комитетінің нұсқамасында талап қоюшының қандай қызмет түрлеріне уақытша өтемдік тариф (УӨТ) енгізу қажеттігі көрсетілмеген, бұл ретте Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі аумақтық орган УӨТ-нің барлық үш реттелетін қызметіне енгізген, бұл мән-жай қаражаттың энергия өндіруші ұйымдарға негізсіз қайтарылуына әкеледі, нәтижесінде электр энергиясын түпкілікті тұтынушылардың белгісіз шеңберінің құқықтары мен заңды мүдделері қозғалады.
Осылайша, Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарын оның сипаты мен маңыздылығына қарай бұзу әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады (ӘРПК-нің 6-бабының төртінші бөлігі).
Әкімшілік істерді қайтару.
Қайтарулардың ең көп саны «талап қоюшы талап қоюды кері қайтарып алды» ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасына, сондай ақ «іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды» ӘРПК нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына келеді.
Негізі (ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігі бойынша)
1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаған және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаған
4) өтінішке қол қоюға немесе оны ұсынуға өкілеттігі жоқ адам қол қояды
5) осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасындағы дау бойынша іс бар
6) талап қоюшы берілген талап қоюды кері қайтарып алды
11) іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды
15) сот өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартты
17) іс осы сотта қаралмайды
ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасы негізінде қайтарулардың көп саны әкімшілік талап қою кезінде талап қоюшылардың жіберген қателіктерімен байланысты екенін көрсетті.
ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті болып жеке тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың жария-құқықтық қатынастардағы құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу табылады.
Жария-құқықтық қатынастар құқық субъектілері арасында қатысушылардың бірінің басқаға қатысты өзінің билік өкілеттіктерін жүргізуіне байланысты туындайтынын атап өту маңызды.
ӘРПК-нің 138-бабының бесінші бөлігінің тәртібімен жазбаша пікірді, уәжді ұстанымды ұсынбау ақшалай өндіріп алуды қолдануға негіз болып табылуы мүмкін екендігіне және әкімшілік істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейтініне назар аударған жөн.
Нормативтік құқықтық актілер
Соттар монополияға қарсы заңнаманы қолдануға байланысты істерді қарау кезінде басшылыққа алуы тиіс негізгі нормативтік құқықтық актілер:
1) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі (КК);
3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК);
4) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ (ӘҚБтК) кодексі;
5) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ҚРЗ Заңы (Заң);
6) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (ЖС ӘІЖСА);
7) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның аумақтық органдары (монополияға қарсы орган);
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық органдары (Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті орган).
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы