Өтініш сарапшы / маманды сотқа шақырып сұрау алу жайлы
Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы Ж.Г Жумадиловаға
Жауапкерден: БНАдилжановна
ЖСН ...
+7 775 ....
сенімді өкілі адвокат Саржанов
Галымжан Турлыбекович
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
ЖСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,
Алмалы ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
info@zakonpravo.kz www.zakonpravo.kz
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Өтініш
сарапшы / маманды сотқа шақырып сұрау алу жайлы
Сіздің өндірісіңізде №1952-25-00-2/5853 азаматтық іс қаралуда. Талапкер Қарасай ауданының әкімі (әрі қарай азаматтық талапкер) Жауапкер БНАдилжановна (әрі қарай азаматтық жауапкер), жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы талап арызы бойынша.
ҚР ҚПК 77-бабына сай, сот ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға консультациялар (түсiндiрмелер) беру және көмектесу арқылы дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету мақсатында сот отырысына немесе процестік әрекеттерге қатысу үшiн iстiң нәтижесiне мүдделi емес, арнаулы білiмi бар кәмелетке толған адамды маман ретiнде тартуы мүмкiн.
Сот мамандарды тараптың өтінішхаты бойынша да тартуға құқылы. Iске қатысатын тұлғалар сотқа арнаулы бiлiмi бар нақты адамды маман ретiнде тарту туралы өтiнiш жасай алады.
Маман болып тағайындалған адам: соттың шақыруы бойынша келуге; арнайы білімін, дағдылары мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, процестік әрекеттерді жүргізуге және сот талқылауына қатысуға; консультациялар беруге; өзі орындайтын әрекеттер бойынша, оның ішінде техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып түсініктер беруге міндетті. Барлық туындаған мәселелер бойынша маманның қорытындысы сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынылуға тиіс.
Жауапкер ЖШС «Центр экпертизы и оценки» жүгініп комиссилчқ Мамандандырылған құрылыс-тауартану зерттеулерін жүргізуді сұраған сарапшы / маман:
Цой Татьяна Юрьевна, 28.03.2003 ж. № 318 біліктілік куәлігі бар, ҚР ӘМ 10.4 "сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі" мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізуге берген, сараптамалық жұмыс өтілі, оның ішінде сот сараптамасы органдарында 28 жыл;
Гүлназ Тұрсынқызы Алаева, ҚР ӘМ-нің 10.4 "сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі" мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізуге берген 28.03.2003 ж. № 316 біліктілік куәлігі бар сараптамалық жұмыс өтілі, оның ішінде сот сараптамасы органдарында 32 жыл.
23.01.2026 жыл ЖШС «Центр экпертизы и оценки» № 2 ЗАКЛЮЧЕНИЕ СПЕЦИАЛИСТОВ бағалау актісі: 75 784 360 тенге деп анықталған
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 77-бабы сәйкес,
СОТТАН СҰРАЙМЫН:
• «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының сарапшы/маман А.Г Жолсейтовадан жауап алуды;
· ЖШС «Центр экпертизы и оценки» срапшы / маманы Гүлназ Тұрсынқызы Алаевадан жауап алуды, тел: +7 777 213 8007.
Құрметпен, сенімді өкіл«Заң және Құқық» АК адвокаты Саржанов Г.Т.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Өтініш сарапшы маманды сотқа шақырып сұрау алу
4 рет жүктеп алынды