Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Прокуратураға шағым тергеушінің қылмыстық іс бойынша әрекетсіздігіне

Прокуратураға шағым тергеушінің қылмыстық іс бойынша әрекетсіздігіне

Прокуратураға шағым тергеушінің қылмыстық іс  бойынша әрекетсіздігіне

 

Шымкент қаласының Тұран ауданы бойынша прокуратурасына

СДТБТ: №267914031000483 іс бойынша.

 

Арызданушы: КРА

ЖСН: ...

Шымкент қаласы, Асар-2 .... үй тұрғыны.

Сенімхат бойынша өкілі:

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі

БСН 201240021767.

Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, 

Алмалы  ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

info@zakonpravo.kz    www.zakonpravo.kz

тел.: +7 708 971 78 58 / 8 727 971 78 58.

 

 

ШАҒЫМ

тергеуші Ұ.Н. Тәліп-тің әрекетсіздігіне қатысты

         

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық Полиция Басқармасынын ТБ тергеушісі А.Ә. Сағындық-тың өндірісінде, КРА арызы негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша АШДқатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Аталған қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) №267914031000483 тіркелген.

Аталған қылмыстық іс шеңберінде 2026 жылғы 7 сәуірде Р.А. Кның тарапынан өзі ұсынған тізімге сәйкес, «Барыс» көтерме базары бойынша К.Қ.О., А.А.Б., С.А. Р., Л.С.О., Н.М.Ф., Т.Н.Аб., Н.Н.А., А.А.У., И.Б.С., Д.А.Н., «К. Ташкент товар» ретінде көрсетілген тұлға, Саипова Гавхар Хусановна тұлғаларын аталған қылмыстық іс шеңберінде куә ретінде танып, олардан жауап алу жүргізу туралы өтінішхат Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасына жолданып, Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде ЗТ-2026-01444431 нөмірімен тіркелген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 99-бабының 4-бөлігіне сәйкес, өтінішхат мәлімделген бойда қаралуға және шешілуге жатады, ал оны дереу шешу мүмкін болмаған жағдайда, үш тәуліктен кешіктірілмей шешілуі тиіс.

Алайда, бүгінгі күнге дейін тергеуші Ұ.Н. Тәліп-тің тарапынан өтінішхатқа ешқандай жауап бермегеннен бөлек, қылмыстық істі толық, жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілмеген.

Атап айтқанда:

– жәбірленуші Р.А. К-дан осы уақытқа дейін жауап алу жүргізілмеген;

– Р.А. К процессуалдық тәртіппен жәбірленуші ретінде танылмаған;

– жәбірленуші тарапынан берілген бастапқы арызға толыққанды процессуалдық жауап берілмеген;

– «Жібек жолы» базары әкімшілігінен бейнебақылау жазбалары әлі күнге дейін алынбаған;

– куәлардан жауап алу туралы берілген өтінішхаттар қаралмай, олар бойынша заңда көзделген мерзімде жауап берілмеген;

– күдікті тұлға АШДосы уақытқа дейін жауап алуға шақырылмаған.

Бұл мән-жайлар тергеушінің әрекетсіздігін және қылмыстық істі қарапайым және айқын дәлелдемелер болғанына қарамастан негізсіз созып отырғанын көрсетеді.

Атап айтқанда, қылмыстық іс материалдарында ұсынылған бейнежазбаларда күдікті тұлғаның әрекеттері нақты, уақыт белгілерімен, минут және секунд деңгейінде көрсетілген. Яғни, қылмыстың жасалу уақыты, тәсілі және көлемі анық айқындалған. Осыған қарамастан, тергеу әрекеттерінің жүргізілмеуі негізсіз болып табылады.

ҚПК-нің 192-бабына сәйкес, сотқа дейiнгі тергеп-тексеру қылмыстық істің күрделілігі, тергеу әрекеттерінің көлемі және істің мән-жайларын зерттеудің жеткіліктілігі ескеріле отырып, қисынды мерзімде, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қисынды мерзімін айқындаған кезде қылмыстық істің құқықтық және нақты күрделілігі, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың процестік құқықтарды іске асыруы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өз өкілеттіктерін сотқа дейінгі іс жүргізуді уақтылы жүзеге асыру мақсатында іске асыру тәсілі сияқты мән-жайлар ескеріледі.

Алайда, көрсетілген қылмыстық іс өзінің сипаты бойынша күрделі емес, дәлелдемелер жеткілікті, ал тергеушінің әрекетсіздігі істің негізсіз созылуына алып келуде.

Ал ҚПК-нің осы 192 бабының 2 бөлігіне сәйкес анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімін белгілей отырып, осы мерзімдерді қайта қарауға құқылы.

ҚПК-нің 105 бабының 1 бөлігіне сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға, сотқа беріледi.

Ал осы бабының 2 бөлігінде келесі көзделген: прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулік ішінде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті.

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың процестік шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау тәртібі туралы Нұсқаулықтың (Бұдан әрі - Нұсқаулық) 21 бөлігіне сәйкес ҚПК-нің 105-бабының тәртібімен шағымдарды қарауға уәкілетті тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы және прокурор өз өкілеттіктері шегінде қылмыстық процеске қатысушылардың, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге дереу шаралар қолдануға міндетті.

Нұсқаулықтың 24 бөлігіне сай, ҚПК-нің 105-бабының тәртібімен қаралған, сондай-ақ жоғары тұрған лауазымды адам қараған қанағаттандырылған шағымдар бойынша бір мезгілде кінәлі лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселе қаралады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 105 бабына және 193 бабының 1 бөлігінің 3-1) және 5) тармақтарын басшылыққа ала отырып,

 

СІЗДЕН СҰРАЙМЫН:

·        Аталған қылмыстық істі (СДТБТ №267914031000483) жеке бақылауға алып, прокурорлық қадағалауға алуды;

·        Қылмыстық істің мән-жайларын ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімін белгілеп, тергеуші Ұ.Н. Тәліп-қа қылмыстық іс бойынша нақты 1 (бір) ай мерзім белгілеуді;

·        Көрсетілген мерзім ішінде қылмыстық іс бойынша жәбірленушіні процессуалдық тәртіппен тану және одан жауап алу, куәлардан жауап алу, күдікті тұлғаны жауапқа шақыру, бейнежазбаларды алу және оларды қылмыстық іс материалдарына тіркеу сияқты барлық қажетті тергеу әрекеттерін толық, жан-жақты және объективті жүргізу туралы тергеушіге міндетті нұсқау беруді;

·        Қылмыстық істің негізсіз созылуына жол бермеуді қамтамасыз етуді;

·        Шымкент қаласы ПД-нің Тұран аудандық ПБ-нын ТБ-нің тергеуші Ұ.Н. Тәліп-ті жол берген әрекетсіздігі үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуын.

 

 

Құрметпен,

Сенімхат бойынша өкіл / адвокат:                                               Г.Т. Саржанов

 

  

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу