Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 370-бабына түсініктеме. Қызмет бойынша әрекетсіздік

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 370-бабына түсініктеме. Қызмет бойынша әрекетсіздік

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 370-бабына түсініктеме. Қызмет бойынша әрекетсіздік

1. Қызмет бойынша әрекетсіздік, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның немесе лауазымды адамның өзі немесе басқа адамдар не ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өз қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соқса, —

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.

2. 2018 жылғы 12 шілдедегі № 180-VI ҚР Заңымен алып тасталды.

2-1. Дәл сол іс-әрекетті құқық қорғау органының қызметкері жасаған жағдайда —

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.

3. Дәл сол іс-әрекетті жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған жағдайда —

бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.

4. Осы баптың бірінші, 2-1 немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер:

  1. ауыр зардаптарға әкеп соққан;
  2. құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам немесе судья жасаған жағдайда —

жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.

Қарастырылып отырған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі мемлекеттік билік органдарының, мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды адамдардың қызметін жүзеге асырудың, олардың құқықтары мен міндеттерін іске асыруының заңнамамен регламенттелген белгіленген тәртібін бұзудан көрінеді.

Бұл қылмыстың объектісі мемлекеттік органдардың қалыпты қызметі болып табылады. Осы қылмыстың аса сараланған құрамының қосымша объектісі меншік, экономикалық мүдделер, денсаулық болуы мүмкін.

Объективтік жағынан қызмет бойынша әрекетсіздік мынадай белгілердің жиынтығынан тұрады:

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның немесе лауазымды адамның өз қызметтік міндеттерін орындамауы;

қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы;

кінәлі адамның әрекеті мен осы зардаптардың арасындағы себепті байланыстың болуы.

Іс-әрекет тек әрекетсіздік нысанында жасалуы мүмкін. Қызмет бойынша әрекетсіздік құрамының болуы үшін кінәлі адам заңға немесе қызметтік өкілеттіктеріне сәйкес оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кіретін әрекеттерді орындамауы және нақты жағдайларда оларды орындауға нақты мүмкіндігі болуы тиіс.

Кінәлі адамның белгілі бір әрекетті орындамауы немесе қажетті шараларды қабылдамауы заңдарда немесе басқа да нормативтік актілерде, қызметтік міндеттерде белгіленген талаптарға қайшы келуі тиіс.

Мысалы, 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 16-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы мен 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңының 19-бабының 1-тармағы талаптарын бұза отырып, учаскелік полиция инспекторы екі ер адамның төбелесіп жатқанын көріп тұрып, өзінің қызметтік жағдайы мен заңмен жүктелген міндеттеріне сәйкес араласуға және осы адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесуге міндетті болғанына қарамастан, олардың құқыққа қайшы мінез-құлқының жолын кесу жөнінде ешқандай шара қолданбайды.

Құрылымы бойынша қызмет бойынша әрекетсіздік қылмыстың материалдық құрамына жатады. Қылмыс азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы орын алған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.

Осы қылмыс құрамына қатысты азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы деп адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуы; елеулі залал келтіру; жәбірленуші адамда қиын өмірлік жағдайдың туындауы; ұйымдардың немесе мемлекеттік органдардың қалыпты жұмысының бұзылуы; келтірілген зиянның елеулілігін көрсететін өзге де зардаптар түсініледі.

Субъективтік жағынан мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның немесе лауазымды адамның кінәсі тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам орындауға тиіс болған қызметтік міндеттерін орындамай отырып, өзінің әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті сипатын сезінеді және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы түріндегі зиянның туындауын болжайды. Қоғамға қауіпті зардаптардың туындауын болжай отырып, кінәлі адам өзі немесе басқа адамдар не ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу немесе басқа адамдарға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатын басшылыққа ала отырып, осы зардаптардың туындауын қалайды.

Егер субъект нақты бір әрекетті (әрекетсіздікті) жасау оның міндеттеріне кірмейді деп қате пайымдаса не өзінің әрекетсіздігі салдарынан азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің немесе қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылатынын болжамаса немесе осындай зардаптарды болжай отырып, олардың алдын алуға жеңілтектікпен сенсе, онда оның әрекеттерінде қылмыс құрамы болмайды.

Егер кінәлі адам жоғарыда көрсетілген мақсаттарды көздемесе, қызмет бойынша әрекетсіздіктің өзі аяқталған қылмыс құрамын құрай алмайды.

Пайда мен артықшылықтар материалдық та, материалдық емес те сипатта болуы мүмкін.

Материалдық пайда деп мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды түсіну қажет. Оларға өтеусіз көрсетілетін, бірақ ақылы болуы тиіс әртүрлі қызметтер немесе меншікке, құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, санаторий немесе туристік жолдамалар, жол жүру билеттерін ұсынуға, жеңілдікті шарттармен қарыздар немесе кредиттер беруге және т.б. басым құқық беретін жеңілдіктерді заңсыз пайдалану жатады.

Материалдық емес пайда мен артықшылықтар деп жұмыстың тиімділігін, оның көрсеткіштері мен нәтижелілігін жалған түрде жақсартуды және т.б. түсіну қажет.

Қылмыстың субъектісі тек мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам, не оған теңестірілген адам, не лауазымды адам ғана бола алады, олардың ұғымдары ҚК-нің 3-бабының 26), 27) және 28) тармақшаларында берілген.

ҚК-нің 370-бабының 2-1-бөлігі дәл сол іс-әрекетті құқық қорғау органының қызметкері жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді.

ҚК-нің 370-бабының 3-бөлігі осы қылмысты жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның жасауы түріндегі саралаушы белгіні көздейді (ҚК-нің 361-бабына түсініктемені қараңыз).

ҚК-нің 370-бабының 4-бөлігі қызмет бойынша әрекетсіздіктің аса сараланған құрамын белгілейді: 1) ауыр зардаптарға әкеп соққан; 2) құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам немесе судья жасаған.

ҚК-нің 3-бабының 4) тармақшасына сәйкес, қызмет бойынша әрекетсіздіктен туындаған ауыр зардаптар деп мынадай зардаптар түсініледі: адамның қайтыс болуы, екі немесе одан да көп адамның қайтыс болуы; жәбірленушінің немесе оның жақын адамының (адамдарының) өзіне-өзі қол жұмсауы; денсаулыққа ауыр зиян келтіру; екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру; адамдардың жаппай ауруға шалдығуы, жұқтыруы, сәулеленуі немесе улануы; халықтың денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаның нашарлауы; техногендік немесе экологиялық апаттың, төтенше экологиялық жағдайдың туындауы; ірі немесе аса ірі мөлшерде залал келтіру; келтірілген зиянның ауырлығын көрсететін өзге де зардаптар.

ҚК-нің 370-бабы 4-бөлігінің 2) тармақшасына қатысты түсініктеме ҚК-нің 361-бабына берілген түсініктемеге ұқсас.

Соттар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамдарға жаза тағайындау кезінде заңның жазаны саралап тағайындау туралы ережелерін қатаң орындауы қажет екенін атап өткен жөн.

Бұл ретте соттар жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін басшылыққа алып, қылмыстық жазаның шамадан тыс жеңіл де, шамадан тыс қатаң да шараларын тағайындауға жол бермей, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының түсіндірмелерін ескеруі тиіс.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза ҚК-нің 50-бабының 2-бөлігінің тізбесінде көрсетілген ұйымдарда қылмыс жасалған кезде адамның белгілі бір қызметпен айналысқанына немесе белгілі бір лауазымды атқарғанына қарамастан, міндетті түрде тағайындалады.

ҚК-нің 370-бабының 1-бөлігінде көзделген іс-әрекет онша ауыр емес қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 370-бабының 2-1 және 3-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер орташа ауырлықтағы қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 370-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекет ауыр қылмыстарға жатады.

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді декларантқа қайтару жөніндегі кеден органының әрекетсіздігі сотқа дау айтуға жатады

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді декларантқа қайтару жөніндегі кеден органының әрекетсіздігі сотқа дау айтуға жатадыСеріктестік кеден органының кеденд...

Толық оқу »

166-бап. Қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

166-бап. Қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Бастықтың немесе лауазымды адамның қарулы қақтығ...

Толық оқу »

370-1-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының қызмет бойынша әрекетсіздігі  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

370-1-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының қызмет бойынша әрекетсіздігі ҚР ҚК...

Толық оқу »

452-1-бап. Бастықтың қызмет бойынша әрекетсіздігі  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

452-1-бап. Бастықтың қызмет бойынша әрекетсіздігі ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Бастықтың өз өкілеттіктері шегінде азаматтардың өміріне тікелей қатер төнд...

Толық оқу »

315-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қызметі бойынша әрекетсіздік

315-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қызметі бойынша әрекетсіздік 1. Қызмет бойынша әрекетсіздік, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 166-бабы. Қарулы қақтығыс кезінде әрекетсіздік таныту не қылмыстық бұйрық беру туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 166-бабы. Қарулы қақтығыс кезінде әрекетсіздік таныту не қылмыстық бұйрық беру туралы түсініктеме1. Қарулы қақтығыс кезінде баст...

Толық оқу »

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді декларантқа қайтару жөніндегі кеден органының әрекетсіздігі сотқа дау айтуға жатады

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді декларантқа қайтару жөніндегі кеден органының әрекетсіздігі сотқа дау айтуға жатадыСеріктестік кеден органының кеденд...

Толық оқу »

166-бап. Қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

166-бап. Қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Бастықтың немесе лауазымды адамның қарулы қақтығ...

Толық оқу »

370-1-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының қызмет бойынша әрекетсіздігі  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

370-1-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының қызмет бойынша әрекетсіздігі ҚР ҚК...

Толық оқу »

452-1-бап. Бастықтың қызмет бойынша әрекетсіздігі  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

452-1-бап. Бастықтың қызмет бойынша әрекетсіздігі ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Бастықтың өз өкілеттіктері шегінде азаматтардың өміріне тікелей қатер төнд...

Толық оқу »

315-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қызметі бойынша әрекетсіздік

315-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қызметі бойынша әрекетсіздік 1. Қызмет бойынша әрекетсіздік, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 166-бабы. Қарулы қақтығыс кезінде әрекетсіздік таныту не қылмыстық бұйрық беру туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 166-бабы. Қарулы қақтығыс кезінде әрекетсіздік таныту не қылмыстық бұйрық беру туралы түсініктеме1. Қарулы қақтығыс кезінде баст...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабына түсініктеме. Биліктің әрекетсіздігі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабына түсініктеме. Биліктің әрекетсіздігі1. Биліктің әрекетсіздігі, яғни басшының немесе лауазымды адамның өзіне немесе басқа...

Толық оқу »